Астаналық Департаментте 2013 жылдың қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті

Астаналық Департаментте 2013 жылдың қорытындылары бойынша баспасөз конференциясы өтті
жеке
блог

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінде 2013 жылдың қорытындылары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

         Баспасөз конференциясына жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында өткен жылдың қорытындылары жасалып, төтенше жағдайлардың алдын-алуға бағытталған жұмыстар жайында сөз етілді.

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор М.Қ.Ысқақов, Департамент бастығының орынбасары Б.О.Дұзақбаев, «Суда құтқару қызметі» ММ-нің бастығы Г.Г.Саврук жауап берді.

         Астана қаласының аумағында орын алған ірі өрттер мен төтенше жағдайлардың себебі мен материалдық шығынның көлемі қызықтырды. 2013 жылы елорда аумағында 237 төтенше жағдай тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға азайған және 730 өрт оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 22 адам қаза болған, олардың 10-ы балалар.

 Астана қаласы ТЖД-нің баспасөз қызметі