Наурыздың 21-і күні Астаналық Департамент қызметкерлері Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
ҚР ТЖМ спорт кешенінің аумағында мерекелік әуен ойнап тұрды, кигіз үйлер, алтыбақан, шатыр, дала асханасы орнатылды.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко құттықтау сөз сөйледі: «Наурыз – өмір салтанаты мерекесі, көктемгі теңдк күні. Көктем үмітке жетелейді, Наурыз рухани тазаруға ықпал етеді, қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтады.» Сондай-ақ Министр жалпы Министрлктің қызметі одан әрі де Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс» деп қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.