Астанаға сапар және Қызылжарлық ару жайлы

Өткен айдың аяғында Алматының аппақ қызы өзі аса ұната бермейтін Астанаға іс-сапармен барып қайтты. Ұлы Отан соғысының ардагер Құсайын Ысқақов ата мен оның әпкесі Мәдина Ысқақованың үлкен қызы Серік апайдың шаңырағында болдым.


Құсайын ата өте мейірімді ақсақал екен. Соғыс туралы көп айтуды аса ұната бермейтін ол әңгіме барысында қайта-қайта күрсініп, өткен күндерден сыр шертті. Сұхбат соңында: "Ғұмырлы бол, ботам" деп батасын берді. Суретке түскенде: "Мен суретке түскенде құшақтасып түсемін" деп мені қатты құшақтап алды.

Ертесі күні Серік апай мен оның жолдасы Қайыркен ағамен мәңгілік алауға барып, соғыста қыршын кеткен құрбандарға тағзым жасадық.


Астанадағы қызмет тірліктерімен қатар, астаналық блоггерлермен кездескім келген-ді. Аселек қыз жұмысында болып, онымен тек телефон арқылы сөйлестік. Ал Аиданы мүлдем жоғалтып алдым.

Бірақ, сол Астанада бір қыз бар. Екеуміз Бәйтеректен бірақ шықтық. Өзі Қызылжардан. Есімі - Сәния. Иә, иә, маған Үнді елінің алуасын жіберген қыз. Ол қызды көрген де арманда, көрмеген де арманда. Ашық, ақ көңіл, жайдарлы мінезді жан. Бойында үлкен жігер байқалады. Тіліне, еліне жаны ашиды. "Солтүстіктегілер ана тілін аса біле бермейді" деген пікірді бұзған жан. Сәниямен жақынырақ танысқаныма өте қуаныштымын. Таныстығымыз ұзағынан сүйіндірсін деймін!

Бір қызығы, кеше ғана Сәния Сәния еді, енді Қызғалдақ болып кетіпті)))))



Бөлісу: