Астанада тағы да қар жауып тұр. Кіршіксіз ақша қарға қарап, адамның ақ пейілін көргендей боламын. «Ақша қардың ақтығын тілеймін!» деген тілекті де енді-енді жүрекпен ұғынып келе жатырмыз. Өзім туып-өскен Жамбыл облысында жаңа жылсыз қар жаумайтын(кейбір жаңа жылды жаңбырмен немесе құрғақ жермен де қарсы алғанбыз). Ал мұнда мүлдем басқаша. Астанаға көктем кеш келсе де, қыстың ерте жететініне ризамын. Жалпы, мен жылдың бар мезгілін жатырқамайтын адаммын. Әр мезгілдің өз жақсылығы бар. Бірақ, қарды қалай жақсы көретінімді білсеңіздер ғой!!! Еріп кетпесінші деп тілеп отырмын, жаншылып аяққа тапталмасыншы деп...