Қазақстанның спорттық бренді саналатын «Астана» велокомандасы жабылып қалудың аз-ақ алдында тұр. Қиындықтар қаржыландыру мәселесіне байланысты туындап отыр. Бұл туралы аталған команданың бас менеджері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров айтты.«Жарыс маусымы басталып кетті. Біз оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жарыстарға да қатысып жатырмыз. Бірақ осы жылға бөлінуі қажет ақшаны әлі алған жоқпыз. Жарыстарға үнемделген қаражат есебінен барып жүрміз. Жігіттер жалақасын ала алмай жүр», - дейді Винокуров.