Астана күні

Астана күні
жеке
блог

2021 жылы 4 шілдесінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінде «Астана күні» мерекесіне орай жазасын өтеуші сотталғандарға арналған мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып  өткізілді.

Мерекелік іс-шара Достық пейіл татулықтың тірегі, бар әлемді өзіне қаратқан, Елордамыз-Еуразия  жүрегі, біздің халық бейбіт өмір сүреді деп мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет майоры Бауыржан Жумабекович Қасымбековтың  құттықтау сөзімен басталды.

Шаруашылық жасағында жазасын өтеуші сотталған Б.Донбаев мерекелік іс-шараны жүргізді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалды. 6-шілде Астана күні мерекесі туралы  бейнеролигі көрсетілді.

Іс-шарада шаруашылық және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер сотталған А.Канашев, Г.Атабаева, Э.Узбеков, Ж.Ажмамбетов, Д.Тасжарганов,  Астана күні мерекесі туралы өлең шумақтарын айтты. Шаруашылық жасағындағы жазасын өтеуші соттлғандар Е.Абдурахмонов, А.Абдимуратов, Ж.Байтурова, Е.Адиев, А.Медагулова, А.Турлыбаев «Астанаға көшеміз» атты сахналық көрініс қойды. Сонымен қатар викториналық  сұрақ  жауап ойындары ұйымдастырылды.

2021 жылдың шілденің 5-6 жұлдызында спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шарада жазасын өтеушілер, яғни «Қыран», «Жолбарыс»  атты  2 топқа бөлініп жарысты. Жарыс эстафета,  шахмат, гір тасын көтеру, қол күрес ойындары ұйымдастырылды. Жарыста жүлделі орын алған командалар марапатталды.

Іс-шара соңында мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет майоры Б.Қасымбеков белсене қатысқандарға алғысын білдірді.

ГМ-172/10 мекемесі әділет майоры Г.Бердишев