Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде қараша айының 10-11 күні тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті. Семинарға Алматы қаласы, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты – тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру.
Өңірлік екі күндік семинар аясында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, тренингтер өткізілді: қазіргі қоғамдық балалар ұйымының өзекті мәселелері; жасөспірім ұйымы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда интерактивті нысан мен әдісті енгізу (Дельфи әдісі, күнделік әдісі, 6-6 әдісі, жобалар әдісі және т.б.); жасөсіпірім қозғалысын ұйымдастыруына және дамытуына бағытталған талант-менеджмент, білім жүйесін модернизациялау саласында жасөсіпірім ұйымы қызметкерлерінің білім беру үрдісін жетілдіру жолдары; балалар және жасөспірімдердің қосымша біліміне психолого-педагогикалық сүйемелдеу.
Тренерлер: Изакова Айжан Теңдікқызы – «Талант-менеджмент» зерттеу орталығының директоры; Мамбеталина Әлия Сақтағанқызы – Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті; Әубакірова Жанат Қанашқызы – Тұран-Астана университетінің доценті.
Сонымен қатар, семинар барысында Елбасының 2015 жылғы 30 қарашасындағы Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрісін Мұрат Әбенов оқыды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Өңірлік екі күндік семинардың ұйымдастырушысы болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Әлем» волонтерлық орталығы ЗТБ шықты.