Астана қаласында тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті

Астана қаласында тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті
жеке
блог

Астана қаласындағы  №59 мектеп-лицейінде   қараша айының 7-8 күні тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік екі күндік семинар өтті. Семинарға  Астана қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.

         Семинардың мақсаты – тәлімгерлердің, мұғалімдердің, жасөспірімдер ұйымдары үйлестірушілерінің біліктілігін  арттыру.

         Өңірлік екі күндік семинар аясында қатысушылар келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, тренингтер өткізілді: қазіргі қоғамдық балалар ұйымының өзекті мәселелері;  жасөспірім ұйымы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда интерактивті нысан мен әдісті енгізу (Дельфи әдісі, күнделік әдісі, 6-6 әдісі, жобалар әдісі және т.б.); жасөсіпірім қозғалысын ұйымдастыруына және дамытуына бағытталған талант-менеджмент, білім жүйесін модернизациялау саласында жасөсіпірім ұйымы қызметкерлерінің білім беру үрдісін жетілдіру жолдары; балалар және жасөспірімдердің қосымша біліміне психолого-педагогикалық сүйемелдеу.

Тренерлер: Дмитриенко Елена Александровна  –  ҚР ҚҰ  «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы» президенті, Кемайкина Татьяна Нигматовна – ҚҚ  «Сфера» әлеуметтік-психологиялық өлшеу зертханасының» президенті

Сонымен қатар, семинар барысында Елбасының 2015 жылғы 30 қарашасындағы Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрісін «Ел баласы» республикалық  қоғамдық-саяси журналының редакторы Бекарыстан Аманжолов  оқыды.

         Семинар соңында  қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Өңірлік екі күндік семинардың ұйымдастырушысы болып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Әлем»  волонтерлық  орталығы ЗТБ шықты.