Астана және Сен

Астана және Сен
жеке
блог

Жанарыңнан таматын жас та қалың,

Мұндай сәттер етпейді мезі кімді?!

Ауа райы секілді Астананың,

Түсіне алмай келемін сезіміңді.

 

Сені көріп тұманға көшкен есім,

Бұл күйіміз белгілі басқаға да.

Кездесуге шақырсам кеш келесің,

Кеш келетін көктемдей Астанаға.

 

Жүрегімді ақтарсаң, түкпірі-өзің,

Бұзып өтер сезімнің тас қамалын,

Қыз болсаңда,байқадым,тік мінезің,

“Байтерегі” сияқты Астананың.

 

Бұл мінезге көнбейтін, көнетін бар,

Қылығыңды көрсеттің қанша түрлі.

Қисайып та қалатын әдетің бар,

Түсіретін есіме “Ханшатырды”.

 

Ғашықтардың бермейді тағдыры ыңғай,

...Не болса да өзіңсің-жан шуағы.

Жазда жауған Астана жаңбырындай,

Тоқтамады-ау сағыныш тамшылары.

 

Ойларыммен,аяулым,ұштасты үнің,

Арта қалсын өкініш,азап,сындар.

Елордамен ең басты ұқсастығың-

екеуің де керемет,ғажапсындар!