Астана. Аншлаг. Ваня ағай
блог
ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалінің аясында Бейбітшілік және келісім сарайында Ленсовет атындағы Санкт-Петербургтік академиялық драма театрының «Ваня ағай» қойылымы өткен болатынын.
Бұл қойылымды білмейтін жан жоқ шығар, сірә. Қазақ көрермендеріне де жақын таныс. Заманында өнер абызы Әнуар Молдабеков осы спектакльмен талайдың таңдайын қақтырған еді. Мәскеуге гатсрольдік сапарға барған кезде бір емес, үш күн қатарынан сахналанған екен. Мәскеуліктердің өзі «Біз басқа Ваня ағайды көрдік» деп жоғары баға қойған. Әнуар Молдабековтың жары Баян Имашеваның айтуы бойынша, ол сахнада киімінің жұпыны болғанын қадағалап, жап-жаңа аяқ киімін сүрлеп тастап, осы бейнені алып шығуға тер төгіп, рөлге жіті дайындалған. Сондықтан болар, Әнуардай актер сомдаған Ваня ағай ел көрерменіне жақсы таныс.
Бұл жолы да Астана көрермендері мен шаһар қонақтары «Ваня ағай» спектаклін ерекше күтті. Режиссер Юрий Бутусовтың қойылымындағы А.П.Чеховтың «Дядя Ваня» шығармасын тарту еткен Ленсовет атындағы Санкт-Петербургтік академиялық театрының актерлерінің өнерін көруге бүкіл Астана жұртшылығы келді деуге болады. Себебі, залда ине шаншар жер болмады. Аншлагпен өткен спектакльді халық ерекше көңіл-күймен тамашалады. Сахнада болып жатқан үлкен-кіші өзгерістердің өзіне толқып жатты. Бұл жолы «Ваня ағай» қойылымы өз шындығын көрсете білді.
Суреттер instagram.com/qazaqcocert парақшасынан алынды