Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ассалаумағалейкум, ағайын!
жеке
блог

Біраз үзілістен кейін блог жүргізуді қайта жалғастырып отырмын. Алдыңғы жазбаларыма қалдырған пікірлеріңізді оқып шықтым, өкінішке орай, уақыт тығыздығына байланысты барлықтарыңызға жеке-жеке алғысымды айтып, жауап бере алмаймын. 

Шығармашылығымдағы жаңалықтарға келер болсам, жақында Түркия және Қытай, сондай-ақ, Қазақстанның бірнеше қалаларына барып қайттым. Стамбул қаласына барған сапарым ерекше болды. Түрік жерінде, теңіз жағасында жеке фотосессиямды жасаған болатынмын.

Қарап отырсам, “Massaget.KZ” сайтында бірқатар өзгерістер болыпты. Жаңа қолданушылардың санының артқаны қуантуда. «Art-Dala» тобының қыздары да өз блогтарын бастаған екен. Сайт біртіндеп дамып келе жатыр. Иншаллах, келешекте де осы қалыптан таймасын.

Баршаңызға амандық тілеймін. Ізгі ниетпен, Нұрлан Албан