АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!
жеке
блог

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ,

отыз күн оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін Алла разылығы үшін үзбей ұстап, аман есен Айтқа жетіп, бір жаңарып, арқа-жарқа боп жатқан Менің Массагеттік сүйікті сүйкімділерім)))...

 

ҚАЛАЙСЫҢДАР???...

Айналайындар-ау, кірмегелі (общым бас сұқпағалы) біраз болып қалып еді, мына айнала құлпырып кетіпті ғой... Барлықтарыңның сүйреттіңді бір қарап шықтым, жүздерің жайнап, көздерің жалындап тұр ғой, шіркін.. Нешеме тағылымды посттар жазылып, қатарға қаншама талантты талапкер жастар жағы қосылып... бір-ааз жаңалық жиналып қалыпты ғой... Керемет, баса бер қазақ!

 

ҚАЙДА ЖҮРСІҢ?

деген сұраққа айтарым, сол, жүрген, айналыыып... Осы виртуалды әлемнің бір қиырында қиял қуып жүүүүрмін, жүүүрдім-жүүрдім әйтеуір айналып осында тоқтадым. Бұл жолы Атам Қазақ қаншама көшпенді болса да, жүректен бір пәрмен келіп, бойдағы түйір қан мені осында отырықшылықта қалуымды бұйырды. Оны көңілім құптап, ақылым қалады... Енді осында қалып байырғыдай қызық күндерді кешіп, күлкілі комменттер жазып, біртүрлі посттарды оқып, керегін сызып алып, дерегін үзіп алып санаға байлап, ары қарай Массагеттерше өмір сүруді жалғастыра бермекпін...

         Айтпақшы, фэйзбук дегенді үйреніп алдым, оңай өзі... Түйіттерді (twitter) зерттеп, бағындыру жолындамын..) Солай да солай...

         Барша Қазақ жұртымен мен де әлем өз жүйріктерін салып жарысқан Лондон додасын үзбей, не күн не Түн демей қарадым... Басында қуандым, кейін сыртқа шығып айқайладым, жылап та алдым, кейіннен Жаңа Жылдан қалған жалғыз салютті аттым ба-еей, обшым қудым...(әрине, түнгі сағат 4.00 де адам не істеуші еді..)

         Барша Мұсылман Қазақ бауырларымызбен бірге мен де әлем дамылсыз күткен - Рамазан айының шарапатына ілінбек мақсатта Алламды ми мен тілге алып, Ораза ұстадым (9-шы рет). Алладан елімнің тыныштығын, әлемнің дүрлікпеуін тілеп, жүректерге - иман, қарны ашқа - тамақ, киімсізге - киім беруін жалбарына сұрап, күнделікті дұғама қостым. Алла, сіздердің де барша ниеттеріңізді, амалдарыңызды қабыл алып, тиісті сыбағасын берсін...

 

ЕНДІ???

Енді, осындамыз... Енді әр постты жағалап, әр комментті аңдып, шабыт болып жатса Өлеңдетіп, хәләләулатып ән салып... көңілді көтеріп жүретін боламыз. Массагеттің кең, ыстық құшағының бір бұрышында мен отырмын...)