Аспириннің пайдасы мол

Аспириннің пайдасы мол
жеке
блог
Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.

Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.

Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай.

Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді.

Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.