Аспара - ортағасырлық Астана

Аспара - ортағасырлық Астана
жеке
блог

                                                                                                                                Аспара – өлкем,
                                                                                                                                Ғажайып көркем.
                                                                                                                                Жүрегім жаным
                                                                                                                                 А С П А РА М!

Меркі жеріндегі Аспара туралы ерекше айтқан жөн. Аспара қаласы Қазақстан мен Қырғызстанның шекары түйіскен жерде орын тепкен. Табиғаты ғажап. Алатаудан құлайтын өзен қаланы сыртқы жаудан қорғауға қызмет істегені анық. Аты Тараз, Меркі, Испиджаб сияқты орты ғасырдың қалаларының қатарында аталатын Аспара туралы аңыз да, жыр да көп. Аспара өзенінің жағасында орналасқан ортағасырлық қаланың алып жатқан аумағы өзімен қатарластардың бәрінен үлкен. Қазірдің өзінде орнында қалған топырақ үйінділерінің ауқымдылығы кімді болса да таңдандырады. Үйінділердің кейбір жерлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қалаға археологиялық зерттеулер жүргізген ғалымдар көптеген құнды материалдар тапқан.
Ал XIV ғасырда Аспара үшін сұрапыл қантөгісті соғыстар басталды. Бұл Алтын орданы қиратып, қан тамған қылышын шығысқа қарай сілтеп, Моғолстанға қарай сырғыған түркі халқын өзіне толық бағындыруды және Қытайды қырып, тағын күшейтпек болған Ақсақ Темірдің билік құруымен тікелей байланысты. Әмір Темір қанша қуаттымын дегенімен түркі халықтары өздерінің ат – баба жерлерін босату үшін оқтын – оқтын оның иелігіне өткен жерлерге ат тұяғын дүрсілдетіп, шабуыл жасаумен болды. Міне, осы кезде Шу мен Таластың ортасында, Алатаудың баурайында орын тепкен Аспараны нығайтып, биік қорғандар салып, осы жерді сауыт – сайманы сай мыңдаған атты әскердің мекеніне айналдырады.Ал , Әмір Темір өлгеннен кейін Аспараға ұмтылған моңғолдардан қаймыққан бекіністің әскер басшысы Алладад қамалды тастап, қотарыла көшіп, таулардан асып, өзендерді жалдап оңтүстік шығысқа қарай бет алады. Тарихта олардың қоныстанған жері туралы әр түрлі мәліметтер бар. Бірақ, бұл өңірге көз тігу бір сәт те тоқтаған емес. 1425 жылдары Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбек Аспараны қайтарып алуға ұмтылған. Тарихша, археолог Карл Байпақовтың айтуынша Меркі жерінде, оның ішінде Аспара үшін шайқас сол кездері бір толастамаған. Қазба жұмыстары көрсеткендей бір – біріне жапсыра салған үйлердің қабырғалары өртенгенінің белгілерін көруге болады. Сонымен бірге жебе мен найза ұшын көптеп кездестіреміз. Ал, Аспараның тұрғыны көп болғанын қамалдың орнындағы қауыздардан, құдықтардан байқайтыныңыз , шырағдандардың қалдығын көптеп кездестіреміз. Аспарада қазба жұмыстарын жүргізген археологтар сиырдың жауырын сүйегіне жазылған түркі тіліндегі жазбаны тапқан. 1513-1514 жылдардың қысында қазақ ханы Қасымхан осы Аспарада қыстаған. Сонау орта ғасырда бабаларымыздың Құлан – саяси, Меркі - рухани, Аспара – әскери орталығы болған. Аспара қазақтың бірінші астанасы болған. 
Аспараның тарихы – еліміздің тарихы , қасиетті өлкеміздің тарихы. Оның тылсым сырын ашып, ұрпаққа жеткізу бүгінгі аға ұрпақтың абыройлы міндеті.

 

Сымбат Айдархан