Аспаннан қарағанда

Ян Артюс-Бертранның есімі қазір бүкіл әлемге әйгілі. Фотограф өзінің "La Terre vue du ciel" атты жобасының арқасында танымал болды.

Алғашқыда  киноиндустриямен айналысқан ол кенеттен Кенияға бет алады. Ең бірінші әуесуретін Кенияда тікұшақтан түсіреді. Уақыт өте келе Отанына оралып, фотокореспондент атанады.

1991 жылы Парижде "Нauteur" агенттігін ашады және оның мұрағатына тек әуесуреттер ғана. Янның жұмыстарын National Geographic арнасында қашан да тамашалай аласыздар!

Ян Артюс-Бертран әлі күнге дейін әуесуретімен айналысады.

Нидерланды, Лисс қызғалдақтың иісін сезем, бұны көргенде


Перу

Алжир адамдар қалай жүреді екен, а?! нағыз ауасы тар жер шығар

Мысыр, Абу-Симбел

Берлин, Тиргартен саябағы

Монғолия, Ұлан-Батор

Нов. Каледония жүрек демекші, біздің махаббатизация да жақында басталады Көктем, сені күтеміз!

Мысыр, Мит-Гамр бұл жерде көгершінді ұстайды екен, бірақ сосын оны тағам қылады!


Мавритания Келін! Келін! хD Білем-білем: Мавритания батыс Африкада.

Игуасу сарқырамасы қателеспесем бұл сарқырама Аргентина мен Бразилияның шекарасында

Япония, Киото - су айдайтын мұнара бала кезімдегі вафли есіме түсіп кетті Т.т

Франция, Воклюз

Тунис - зәйтүн егістігі

Пюи-де-Дои - Франциядағы екінші үлкен жанартау (сөнген)

Чили - жайлау

Кения, Накуру көлі - фламинголар

Дания, Копенгаген сырты, Брондбю сircle-circle perfection

Испания, Андалусия - зәйтүн плантациясы керррамат

Гренландия, Унарток - еріген айсберг

Сирия, Алеппо (тфәй-тфәй, қаншама адам спутниктік тележүйеге қосылған, а?)

Украина, Припять (басқа сөздің керегі жоқ)

Англия, Оксфордшир менің сүйікті суретім ;) бұл уффингтондық ақ жылқы, 110 метр және кәрісін-әй шамамен 3000 жылдай

Ғаламшарымызда ғажайыптар толып жатыр. Соны тек күнделікті өмірде байқай алу керек!

Тағы да басқа суреттерді ғаламторда таба аласыз! ;)



Бөлісу: