Аспандағы жарық айым сен болдың...
блог
Аспандағы жарық айым сен болдың,
Жоғалардай күн шығар қас-қағымда
Ойдан кетпей жұлдыздардай сен тұрдың,
Арманымдай қолым жетпес алыста.
Неге екенін, неге екенін білмеймін!
Неге сені қалағанда көрмеймін?!
Қиналған жүрек іздейді тек өзіңді,
Өзіңменен бірге неге жүрмеймін?
(Әлде сенің жүрегіңнің нұрлы үні
Өзге гүлге арнады ма жыр-әнін?)
"Кішкентайғой,қой",-дедің бе ғашығым?
"Бөпем"дейтін сен емес пе ең асылым?!
Бас тарттың сен көңілім қалды суынып,
Жүректегі өшпеді тек ғашық үн!
Осыншама кереметпе ең,неліктен,
Дара сені қалап тұрды жүрек тек?
Қолымды созып қала бердім алыстап,
Таптың қөңіл өзге ғашық жүректен.
Аз ғана уақыт қоштасуға жетпейтін,
Ақыл-ойым саған тез-тез кет дейтін.
Сен деп соққан жүрегім бар,алайда,
Олай деуге мүлде дәті жетпейтін!
P.S:Алғашқы махаббатыма арнағаным))...Аға-апаларым,достарым пікірлеріңізді күтеем)