Әскери журналист болуды армандайсың ба?

Әскери журналист болуды армандайсың ба?
жеке
блог

Әскери журналист- бұл ұғымды соғыс уақытында жау оғынан бұқпантайлап қашып жүрген, халыққа ақпарат таратушы әрі тілші маман ретінде танырсыз. Алайда бүгінгі күні шекарасы бекіген, бейбіт, мамыражай күн кешкен, өз алдына тәуелсіз мемлекеттерде де әскери журналисттердің алар орны ерекше. Бойында асқан батылдық пен тәуекел, ерік-жігері бар адам, қаруы мен қаламын бір саланың бойында ұштастыратыны сөзсіз.

Еліміз осы ретте журналистиканың салалық түрлерін дамытуды қолға алды. Соның бірі- әскери журналистика. «Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» Ұлттық Ұланның қолдауымен «әскери журналист» мамандығын арнайы оқытуды жүзеге асырды. Бұл саланың елімізге тигізер пайдасы мен қоғамдағы рөлі туралы сараптасақ. Талапкер ең алдымен сіз, «әскери журналист» қызметін атқаруды армандасаңыз, ЖОО-дағы әскери кафедра да білім алу арқылы «әскери журналист» атанасыз. Түрлі телеарналарда әскери бағдарламарды жүргізіп, арнайы тақырыптар бойынша халыққа ақпарат жолдаудың сіз үшін де, ұлт үшін де маңызды, абыройлы қызмет екендігін аңғарғаныңыз абзал.

Бұл саланы меңгерген мамандардың қолын да һәм еңбек жолында бір  мемлекеттің тағдыры тұратыны хақ. Шет мемлекеттер де түрлі қақтығыстар орын алған жағдайда мемлекет атынан, келісім шартпен байланыс орнатып, арнайы қызмет атқаруға да жол ашық. Бүгінгі күні «әскери журналист» атанып, көк байрағымызды шет жерде желбіретіп жүрген қазақтан шыққан ұлтжанды ерлер мен арулар бар.

  Бүгін жастарға үлгі санарлық жан ретінде баяндайтын кейіпкерім, Түркия мемлекетін де қызмет атқарып жүрген қазақтың қайсар мінезді қызы Назгүл Кенжетай. 1995 жылы Сыр өңірінде дүниеге келген. Халықаралық әскери корреспондент, фотограф ретінде танымал. Түркиялық БАҚ Назгүл Кенжетайды қазақтан шыққан тұңғыш әскери тілші ретінде санайды. 2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанып, көптің көңілін марқайтты. Журналистикалық зерттеу жұмыстары 2 мәрте TRT нұсқауымен “Project of the year” (жыл жобасы) болып жарияланды. Назгүл ханымның әлеуметтік желілер мен газет беттеріне жарияланған сұхбаттарына зер салсақ, бойынан төзімділік пен өжеттіліктің асқақ рухы байқалатындығы айнадай көрінеді. 4 сағаттық ұйқы мен күні бойы сабақ оқып, түнде журналистикамен айналысатын. Тынымсыз еңбектің арқасында әлем сүйсінген, жалақыны емес өз міндетін сүйген, ақпарат майталманына айналды. Бүкіләлемдік журналисттер одағына мүшелікке қабылданды. Назгүлдің бойындағы дарын мен дағдыны университет қабырғасында жүрген шақтарында-ақ профессор, ұстаздары байқап, әскери журналистиканың қыр-сырына қанығуына, осы саламен айналысуына пікірлер білдірді. Назгүл әлемде қарулы қақтығыстар орын алған  Сирия, Ливан  секілді Таяу Шығыс мемлекеттеріне барып, орын алған мәселелердің мән-жайын зерттеп, босқындардың тіршілігінен арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Назгүл Кенжатай қайда жүрсе де қазақ жастарына үлгі болмақ. Осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерінің арқасын да қаншама жас түлек пен мектеп оқушыларының әскери салаға деген қызығушылығын оята түсті. «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші талпыныс пен батылдықтың арқасын да, мақсатына қаймықпай жеткен халықаралық, әскери тілші Назгүл Кенжетайдан түйеріміз көп.

Авторы: Алматы облысы, Шошанай ауылы,
«Шошанай орта мектебінің» оқушысы 
Сырғалым Бекмуханова