Әскерге аттанғалы бір ұлың!
блог
Әскерге аттанғалы жатыр бір ұлың! Сөздің басы-амандасу демекші, Ассалаумағалейкум Массагеттік достарым және аға-апаларым, іні-қарындастарым! Көптен ойда жүрген жазбам бүгін сіздерге жол тартқалы тұр!!! Осыған шейін, тіркеліп, және тек бір жазба қалдырғаныма кешірім сұраймын, (қол тимей, күндегі күйбең тіршілікпен, жұмыс бабы дегендей) бүгін бір Алла қолдап бұл ойым, бұл жазба, көптің назарына ұсынылайын деп отыр. Бұл жазбаны жазуға күз басынан ойымда жүрген, оқталып-оқталып, жазсам қалай болар екен деген ой мазалап, содаң сөздің тобықтай түйіні бұл ойымды массагеттік достарыммен бөлісуге бел шештім және ол ойыма түрткі болған осыдан бір күн бұрын, Мика апамыздың (Мен де Оралданмын) Мейрамбекке үшбу хат деген жазбасын оқып, көңілім бір көтеріліп қалды. (Массагеттік достарым меніңде артымнан іздеп, хат жазар деген ой ғой менікі сол)))) Естеріңізде болса, мен мына жазбамда, http://massaget.kz/blog/6989 ендігі алға қойған мақсатым ел алдындағы, Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеп келу дегем!!! Енді міне, осы күзде оның да сәті түскелі отыр!!! Әңгімені көөп созбайын, біреу әскерге бармаймын, не бар онда десе, мен қасқа))) сіздерге өтірік, маған шын, қыркүйек айының 30 –ынан бастап, документ жинап, өзім барып, қалалық медкомиссясынан өтіп, одан шешім шығарушы медкомиссиясынан өтіп, әйтеуір не керек, Аллаға шүкір, денсаулықта ақау жоқ, әскери шенді адамдар сұрақтарын жаудыртқан кезде, «ия» барамын, бәріне шыдаймын деп, енді міне Алла жазса, қараша айының ортасында жөнелту жүреді!!! Кейбіреулер әскерде ұрады, анау мынау дейді, ер жігіт болған соң, қазақ халқының қаны болған соң, біздер ештеңеден қорықпауымыз керек. Және біз Батыс ештеңеден қорықпаймыз солай емес пе Мика әпке!!!? Аз уақыт болса да, бауыр басып қалған массагеттік тұрғындарға 1 жыл мені күтулеріңізді сұраймын. 1 жылдан соң қайта кездесеміз!!! МАССАГЕТТІК ДОСТАРЫМДЫ ҰМЫТПАУҒА, ШАМАМ КЕЛГЕНШЕ ӘСКЕРДЕ ЖҮРГЕНДЕ ХАТ-ХАБАР ЖАЗЫП ТҰРУҒА, БЛОГТАРҒА ӨЗ ОЙЫМДЫ ЖАЗУҒА ЖӘНЕ ДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨП ӘСКЕРІНІҢ БІРІ ЕМЕС, МАҢДАЙ АЛДЫ СОЛДАТЫНА АЙНАЛУЫМА АНТ БЕРЕМІН!!! АНТ БЕРЕМІН!!! АНТ БЕРЕМІН!!!