Асқақтай бер, АСТАНА

Асқақтай бер, АСТАНА
жеке
блог

Туған күнің құтты болсын Елордам!

 

Қазақстан Республикасының астанасы -

Астана қаласының

мерейтойына арнаймын.

 

Алты Алашым бүгін міне кең жолда,

Ел тізгіні ең сенімді, бек қолда.

Асқақтатқан Алты алаштын айбынын,

Туған күнің құтты болсын Елорда...!

 

Қолан шаштай өреленген Есілім,

Бұл Астана Алаш сенің есімің.

Нұр таратқан қарт бабамның жүзіндей,

Күллі әлемге шуақ шашқан есігім.

 

Зәулім зәулім көз қуантқан үйлерің,

Қуаныштан өзгеше бір күйдемін.

Бүкіл әлем қызығатын Астанам,

Сегізінші ғажайыбы дүниенің... !

 

Туған күнің құтты болсын Елордам,

Жыр арнау ғой бар келгені бұл қолдан.

Елбасымның жүрегіндей кең пейіл,

Арман болған бабаларға кең ордам.

 

Арман қала Астана, жан жүрегім,

Күннен күнге көркейе бер тілегім.

Бір күн келіп аталады "әлемнің,

Астанасы" деп Астана, сенемін.

 

Самұрық құс қазынасын сыйлаған,

Бар сұлулық өн бойына симаған.

Көк тіреген Бәйтерегім, мақтаным,

Қанымдағы қасиеттерді жинаған.

 

Не жоқ дейсін, бәрі-бәрі бар мұнда,

Мұң жоқ мұнда, әр күн сайын...

Той мұнда.

Эй, Астана білемісін сен мұны,

Ең бақытты жандар сенің қойныңда.

 

Қалың нөпір Есілдің қос жағасы,

Қалың қазақ шал-кемпірі, баласы.

Бой көтерген жаңа қала өзгеше,

Қасиетті Сарыарқаның даласы.

 

Арайлап атар әр бір таңы өзгеше,

Өзгеше еді тірлікте мұнда күн кеше.

Бақытым сенсің, шаттығым сенсің,

Астанам... ,

Өзіңнен басқа не керек бізге ендеше.

 

Мәнгі болсын мықтылығың бас қала,

Жайнай берші күннен күнге жас қала.

Мен өзіңді мақтан тұтам мәнгілік,

Туған күнің құтты болсын Астана... !!!

 

*****

Астана-төрінде шырайлы Бәйтерек,

Төріме келмесе азаттқ  қайтер ек?

Атамнын аңызы, қазақтың рухы,

Бәйтерек қасиет, емес ол жай терек!

 

Шынайы белгісі, жалғасы түсімнің,

Символы азаттық, белгісі күшімнің.

Дүниенің үстіне шарықтап қарайтын,

Бәйтерек мекені  Самұрық құсының.

 

Астана төріне сән беріп жарасқан,

Көгімде ақша бұлт, көк аспан...

Елімнің  беделі секілді,

Бәйтерек қиясы аспанмен таласқан.

 

Аллаға жеткендей көздегі жасымыз,

Дұшпандар тапталып, қосылды басымыз.

Азаттық арқасы, ел болдық еңселі,

Бәйтерек секілді өрлесін тасымыз.

 

Азаттық өзімде, өзгеден не керек,

Жетінші құрлықпыз, өзгеден өзгерек.

Теңеу жоқ ғаламда өзіңе тең келер,

Төрімде асқақта киелі Бәйтерек...


*****

Жол алыс, келемін жасқана,

Күтіп тұр сәулетті Астана.

Жеткенше шыдамым таусылар,

Өзіңе сымбатты бас қала.

 

Вагоннан сыртқа бір қарашы,

Тамаша Арқаның даласы.

Ұлы ғой қазақта әлемнің,

Астана – елімнің баласы.

 

Бүгінгі күнімнің аңызы,

Астана керемет, дәл өзі.

Елі үшін бас қала құрғызған,

Елбасым ғасырдың абызы.

 

Әлемді аузына қаратқан,

Шуағын дүниеге таратқан.

Тіл көзден сақтасын мәңгіге,

Қаламды бір ғана жаратқан.

 

Вагонның жүрісі баяу тым,

Жүргенде шырқалар әсем үн.

Болмасын ешқашан қайғы мұң,

Астана - бақытым,

Астана - шаттығым,

Астана - арайлы алтын күн... .

 

 

*****

Арқа төріндегі әсем АСТАНА,

Қазақ еліндегі жаңа бас қала.

Орны бар өзіндік жердің бетінде,

Дүниеде ең сұлу, әсем жас қала.

 

Астана... Астана аңызым,

Астана - әсем ән, әсем үн.

Елімнің еңселі ордасы,

Астанам көктегі алтын күн.

 

Елордам елімнің бесігі,

Еуроазия есігі... !

Астана әлемнің бүгінде,

Өзіндік атауы, есімі... !

 

Бәйтерек басына бақ қонған,

Таймасын қазағым ақ жолдан.

Астанам дінімнің бесігі,

Құраны түспеген еш қолдан.

 

Дүниенің сәулетін жинаған,

Сұлулық бойына симаған.

Ордама теңеуді мен таппай,

Теңеуді таппай мен қиналам.

 

Есілім Астана егізі,

Халқымның дәл айтқан лебізі.

Аңызда ақиқат бар болса,

Астана - МӘНГІЛІК негізі... !

 

*****

Қазағымның бақыты, арманы сен Астана,

Ата баба арманы, бар мұңы сен Астана.

Азат елдің қақпасы, мақтанышы өзіңсің,

Күллі Алаш жұртының тағдыры сен Астана.

 

Жүрегімнің бөлігі, қанымда сен Астана,

Тірілігімнің белгісі, жанымда сен Астана.

Сен мұңайсаң жылаймын, шаттанғаның бақытым,

Барлығым тек өзіңсің, тәнімде сен Астана.

 

Құрманғазы бабамның күйісің сен Астана,

Мың бұралған бишінің биісің сен Астана.

Арман қуған асқақтап, биіктерге талпынған,

Миллиондаған қазақтың үйісің сен Астана.

 

Қайталанбас әлемде қаласың сен Астана,

Бабалардан аманат даласың сен Астана.

Сан мыңдаған көрменің басын қосқан өзінде,

Әл Фараби бабамдай данасың сен Астана.

 

Бейбіт мына аспанның күнісің сен Астана,

Алаш деген халықтың ұлысың сен Астана.

Талайлардың тағдырын сәтсіз етіп жаратқан,

Өмір деген тірліктің гүлісің сен Астана... !!!

 

Қожакелді АЛДАНОВ, Павлодар