Жылдың ең үздік танысуы: Ботамның ата-анасымен, інілерімен танысқаным үздік танысу емей не?
Жылдың ең үздік тағамы: Асқабақ қосылған манты, бұрын жей алмаушы едім, қазір жейтін болдым.
Жылдың үздік сусыны: Сүт пен кола десең...
Ең керемет күн: Әрине, 20 сәуір!
Ең үздік кеш: Ең үздік кеш массагеттіктермен кездесу. Бұл кеште мен таксист болғам. (Ұмытып қалғандар үшін инфо)
Ең үздік сайт: Award-тың марапатынан кейін айта берсе болатын шығар ә? Әрине, Massaget.kz!
Осы жылда ашылған қызығушылықтар: Корей фильмдері десең )) Жоқ, айтары бар блог жазуға қызығушылығым оянды.
Орындалған арман: Кореянкам ғой!
Жылдың ең үздік мекені: Дәл осы жерде тұрған квартирамды айтқым келеді. 4 қабат, 1 бөлме, балконнан керемет көрініс, үлкен теледидар! Басқа не керек?!
Рухани өзіндік жаңалық: Көп нәрсені түсіндім, түсінудемін.
Үздік әнші: Айшаның Луинаның жақсы көретініне қуандым. Мен де Луина деймін!
Үздік ән: «Дегейсің» деген ән. Аты-жөнін ешкім білмейді. Прикиньте?!
Үздік фильм: «Гэтсби» сөзсіз мықты!
Үздік сериал: «Отбасы абыройы» деген корейлік сериал. Оны да соңына дейін көре алмадым
Үздік актер: Үздік актер ретінде өзімді айтайыншы, кейде жағдайларда ренжісем де, сездірмей күліп, қиын жағдайдан актерлігімнің арқасында шығып кетіп жүрдім. Уот я какой!
Үздік кітап: Оқымадым
Жыл әсері: Көлік айдап үйрендім.
Ең керемет адам: Айшаның адамы
Жыл сыйлығы: Сыйлық ретінде қымбат сағат алдым. Бірақ ол жоқ боп кетті.
Керемет жаңалық: Жаңалық жоқ, өздеріңде? десем
Жыл өкініші: мен үшін төгілген көз жасы
Жыл шытырманы: «Журналистикада 10 жыл жүрдім! Ал сендер мені танымайсыңдар!» деген адамның сөзі нағыз шытырман. Мақұлықтың айтар сөзі.
Жыл блогері: Қыпшақ қызы ғой нағыз блогер!
Эстафета таяқшасын ӨмірГек-ке бердім!