Асқабақ қосылған манты...

Асқабақ қосылған манты...
жеке
блог

Күнде блог жазып, бәле болдық қой. Әйтсе де, Айшаның берген таяқшасын қалай жалғамаймын? Бұл эстафетаға көп уақыт керек еді негізі. Бірақ уақыт таяп барады. Үлгеруім керек болған соң тез жаза салдым.

Жыл цитатасы: Жыл басындағыларды ұмытып қалдым. Есте сақтауым нашар. Соңғы кезде ұнағаны «Қолында ғажайып шары бар адамның мұңаюға құқы жоқ» («Никто не может грустить, когда у него есть воздушный шарик...»)

Жылдың ең үздік танысуы: Ботамның ата-анасымен, інілерімен танысқаным үздік танысу емей не?

Жылдың ең үздік тағамы: Асқабақ қосылған манты, бұрын жей алмаушы едім, қазір жейтін болдым.

Жылдың үздік сусыны: Сүт пен кола десең... Cry Жоқ, dizzy ғой!

Ең керемет күн: Әрине, 20 сәуір!

Ең үздік кеш: Ең үздік кеш массагеттіктермен кездесу. Бұл кеште мен таксист болғам. (Ұмытып қалғандар үшін инфо) Money mouth

Ең үздік сайт: Award-тың марапатынан кейін айта берсе болатын шығар ә? Әрине, Massaget.kz!

Осы жылда ашылған қызығушылықтар: Корей фильмдері десең )) Жоқ, айтары бар блог жазуға қызығушылығым оянды.

Орындалған арман:  Кореянкам ғой! Cool

Жылдың ең үздік мекені: Дәл осы жерде тұрған квартирамды айтқым келеді. 4 қабат, 1 бөлме, балконнан керемет көрініс, үлкен теледидар! Басқа не керек?!
Рухани өзіндік жаңалық: Көп нәрсені түсіндім, түсінудемін.

Үздік әнші: Айшаның Луинаның жақсы көретініне қуандым. Мен де Луина деймін!

Үздік ән: «Дегейсің» деген ән. Аты-жөнін ешкім білмейді. Прикиньте?!

Үздік фильм: «Гэтсби» сөзсіз мықты!

Үздік сериал: «Отбасы абыройы» деген корейлік сериал. Оны да соңына дейін көре алмадым Innocent

Үздік актер: Үздік актер ретінде өзімді айтайыншы, кейде жағдайларда ренжісем де, сездірмей күліп, қиын жағдайдан актерлігімнің арқасында шығып кетіп жүрдім. Уот я какой! 

Үздік кітап: Оқымадым

Жыл әсері: Көлік айдап үйрендім.

Ең керемет адам: Айшаның адамы Cry

Жыл сыйлығы: Сыйлық ретінде қымбат сағат алдым. Бірақ ол жоқ боп кетті.

Керемет жаңалық: Жаңалық жоқ, өздеріңде? десем Tongue out Жаңалық ретінде көп дүние айтуға болар еді. Бірақ оның ешқайсысы да мұнда жазуға келмейді.

Жыл өкініші: мен үшін төгілген көз жасы

Жыл шытырманы: «Журналистикада 10 жыл жүрдім! Ал сендер мені танымайсыңдар!» деген адамның сөзі нағыз шытырман. Мақұлықтың айтар сөзі. Laughing

Жыл блогері: Қыпшақ қызы ғой нағыз блогер!

Эстафета таяқшасын ӨмірГек-ке бердім!