Ашынған пост: Жүрексіз қыздар жайлы #3
блог
Сыр қызы эстафета кезегін маған берген екен. Жалғастырайын. Иә, айтып отырғаның дұрыс, Сыр қызы. Сенің сөзіңді оқыған әрбір жігіт енді ойланатын шығар деген ойдамын. Бірақ бір егде әйелге көмек қолымды созып, «дорбаңызды көтерейін» деп едім, «Нет! Я уже привыкла!» деп шіренгенінен соң тәбетім қайтып қалғаны бар :)
Менің бір ойлайтыным, қыздар неге тым тәкаппар, тым менмен? Жоқ, өздеріңіз ойлап көріңіздерші, оны гүлге ұқсатып алай да, бұлай да күтесің, ренжісе, жыласа жұбатасың, сыйлықтар әпересің, гүл сыйлайсың. Ол болса бәрін заңды, жасалуы тиісті дүние деп ойлайды. Иә, ақымақтық қой мына айтып отырған сөз. Бірақ кішкене ойлап көрсеңіз, олар біздің көрсеткен құрметімізді бағалай ма дегенге келіп тіреледі бар әңгіме. Рас қой, сөйлесіп, өзің бір баяғыдан араласып жүрген болсаң да әр кездесуде ешқашан бірінші болып әңгіме айтпайды. Неге? «Отвергнутая» боламын деп қорқа ма? Жігіт ше? Жігіт неге қорықпауы керек? Жігіттің де намысы бар. Мен сол, талай мәрте «дос боп қалайықшыны», «мен сені жігіт ретінде көре алмаймынды», «Мен саған лайық емеспінді» естіген жігіттердің датын айтып отырмын. Арызын жазып отырмын. Неге? Менің ойымша махаббатты машақатқа айналдыратын осы қыздар. Еркелейді, күледі, көңіл бөледі, уақытын бірге өткізеді. Ал нәтижесінде осындай әңгіме айтып, өзге бір әлсіздеу жігітке тұрмысқа шыға салады. Бұл не? Қандай логика? Логика жоқ бұл жерде. Жүрек дейтін шығарсыздар. Жүрек те емес, нағыз жүрексіздік дер едім. Себебі сіздер өздеріңізді де, өзгені де алдайсыздар :)
Тәкаппарлықтарыңыздың асқынғаны соншалықты, біреу көшеде бірдеңе сұрай қалса мұрынды шүйіретінді, сызыла қалуды қояйықшы! :) Енді сіздерге сұрақ қоямын:
Неге жігітпен тең болғыларыңыз келеді де, онымен теңдей қарым-қатынас жасамайсыздар?
Неге сүйдіріп алып, қош айтысуға құмарсыздар?
Неге жігітті ұнатпайтын болсаңыздар бірден айтпайсыздар? Қызық көру үшін бе?
Неге жігіттің сый-құрметін бағалай алмайсыздар?
Неге жігіттің де намысы мен ары бар екенін ұмытасыздар?
P.S. Құрсын, кинодан көргеніміз бар, өмірде көргеніміз бар, әйтеуір үйленбей тұрып ойлап жүрген дүниелер ғой бұлар. Тек сол іште қалмасын деп, сәті келгенде бір ақтарылып қалдым. Ал өзім бұл сұрақтарға әділ әрі дұрыс жауап бере білген жарымды таңдадым. Бақыттымын!
Ал, қыздар, сіздер жауап бере аласыздар ма осы сұрақтарға?
Эстафетаның кезегін Жазира Жанділдаға беремін