Ашық алаңдағы және БАҚ-тағы пікірталас дегеніміз қалай?
блог
БАҚ ол пікірталастың мекені ақпарат әлемі. Барлығымызға белгілі арнайы техникалық құралдарың көмегімен, кез-келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер ол БАҚ саласы болып табылады. Қазіргі таңда Бақта пікірталас та бәсекелес те көп. Медиа саласы, әлеуметтік желілер дамыған сайын БАҚ-қа да бәсекелестік артып отыр. Орынсыз ақпараттар, болымсыз пікірталастар көбейіп кеткен.
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі. Мысалы, ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушылық, саясат субьектілерінің ықпалдасуы. БАҚ-тағы ең проблемалық әрі ең негізгі қызметтері ақпараттық. БАҚ бүкіл ақпараттарды жинаушы, таратушы. Осы орайда БАҚ-тың да өз критериилері бар. Мысалы БАҚ кез-келген ақпараттарды тарата алмайды. Әр нәрсенің өз орны бар.Ақпараттың дұрыс бұрыстығын саралап барып жариялау қажет. Әрі оны растайтын фактілер яғни дәлелдемелері нақты болуы қажет.
«Атың шықпаса жер өрте» демекші БАҚ саласында пікірталас тудырамын деп хайптың соңынан еріп кететіндер көп. Соның кесірінен ақпарат сапасы төмендеп кетті. Оған себеп осы әлеуметтік желілер деп ойлаймын. Себебі қазіргі таңда екінің бірі осы желілерде отырады. Сол адамдарды қызықтыру үшін түрлі тәсілдермен ақпарат таратылуда тіпті бағдарламалардың да сапасасы құлдырап барады. Ақпаратты хайппен емес актуалды мәселелерді көтеру арқылы да, пайдалы ақпарат беру арқылы да көтеруге болады. Керісінше қазір көтеру керек мәселелер өте көп осылардың арқасында қаншама аудиторияны жинауға болады. Ақпарат төмендеген сайын халықтың санасы төмендей береді. Ал халық санасы төмен болса келер ұрпақ қандай болмақ? «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі»-деп А. Байтұрсынов айтқандай ақпаратта дәл солай. Адам не нәрсені бойына сіңірсе санасы да соған бейімделе бермек. Ал бұндай проблемаларды көтеру тек БАҚ өкілдерінің ғана қызметі деп білемін. Бұл проблемалардың бар болу себебі қазір бәлкім сыни көзбен қарайтын, батырып айтатын адамдар азайып кетті. «Сын түзелмей мін түзелмейді»-, демекші сын көбейсе сынай қарайтын зиялылар көбейсе ақпарат әлемінің деңгейі көтеріліп қалар ма еді.
Жалпы алғанда, БАҚ-тың қызметі кез-келген ортада маңызды. Себебі БАҚ ол алтын көпір. Әлемге ақпарат таратушы. Ақпараттың өзі де қоғамда өте үлкен роль ойнайды. Жоғарыда айтқанымдай қоғам санасын көтеретін де, түсіретін де ақпарат екенін ұмытпағанымыз жөн!
Әлімбекқызы Анэль
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 3 курс студенті
Жетекшісі: Неля Берікқызы