Қыздарда жиі кездесетін мәселелерінің бірі – дене бітімін әрқашан әдемі қалыпта сақтау. Ол мақсатқа жету үшін қыздар әр түрлі әдістерге барады: кейбіреулері спортпен айналысып, тамақ ішу тәртібін бақылап, арнайы емдәм сақтап жүреді. Алайда, басқалары қазіргі заманғы сәнге айналып кеткен арық денелі болайын деп тамақтан мүлдем бас тартатын болды. Осылайша, құрметті сұлуларымыз, сіз тек қана денсаулықтарыңызды нашарлатасыз және қалаған нәтижеге жетпейсіз. Сондықтан, осы блогта сіздерге ашығудың тиімсіздігі мен зиянын түсіндіру, салмақты басқа жолдармен тастау жайлы кеңестерді беруді жөн деп ойладым.
Аштық сезімі адамның бұрыннан бері қалыптасқан өмір сүру механизмі. Ежелде ол арқылы адамдар тіршілік ету үшін аңшылыққа бару түрткісі ретінде саналған. Тамақ болмаған кезде адамның ағзасы энергия мен қоректік заттарды май түрінде сақтап, ашығу режиміне қосылады.
Қазіргі заманда адамның денесі жеткілікті нәрлі заттарды қабылдамаса, дәл осы механизм қосылады. Сондықтан, ашығу арқылы артық салмақты тастайтын адамдар алдыңғы нәтижеге қайта келеді. Бұл қалай мүмкін?
Ашыққан кезде артық каллория мен майдың орнына бұлшық ет талшықтары және лимфоидтық ұлпаларыңыз кетеді. Ал майдан ең соңғы кезде құтыласыз. Сондықтан ашығу арқылы артық салмақты тастағанда сіздің ағзаңызда барлығы бумерангқа тәрізді болады: сіз неғұрлым көп салмақты тастасаңыз, соғұрлым көп бұлшық еттеріңіз кетеді, ал май, керісінше, қосылады. Сол себептен салмағыңыз азайса да, сіз тіпті нашар көруіңіз мүмкін, өйткені бұлшық ет майдан ауырлау болып келеді.
Сонымен, ашығудың қауіпі және жағымсыз салдары өте көп, олардың ішінде:
Қоректік заттар, дәрумендер, минералдар және амин қышқылдарының саны жеткіліксіз болғандықтан дене дұрыс жұмыс істей алмайды және ішкі тұрақтылық бұзылады; Зат алмасу процесі баяулайды; Иммундық жүйеңіз әлсірегендіктен, аурып қалудың мүмкіндігі зор және инфекциялармен күресу ұзақ уақыт алады; Адамда үнемі бас айналып, әлсіздік пен селқостық жиі байқалады; Тырнақтар қабыршыланып, шашы сынғыш болып түсе бастайды; жалпы, адамның келбеті ауру адамға тәрізді болады; Асқазан-ішек жолдарының аурулары пайда болады; Соңында, ашығудың арқасында адам ағзасы ауыр стресске ұшырайды. Біздің миымыз арнайы сигналдарды жіберуге тырысады. Бірінші күндері адам тек қана тамақ жайлы ойлап жүрсе, бір-екі аптадан кейін шыдамы жетпей кез келген тағамды қарқынды жей бастайды.Ашығудан басқа қандай артық салмақтан арылу жолдары бар?
Егерде, сіздің басты мақсатыңыз ашығусыз арықтау болса, денсаулығыңызға зиян тигізбейтін қарапайым ережелерді ұстану қажет:
Біріншіден, күнделікті каллория нормасын біліп алып, оны 15-20%-ға дейін азайту немесе бұл саннан аспауға тырысу керек. Мұны орындау үшін, сіздің тағам мөлшерінен майлы, қуырылған, тұзды және тәтті тағамдар, сондай-ақ газдалған және спирт қосылған ішімдіктерді жою керек.
Екіншіден, жейтін тамақтың құнарлығын мұқият түрде қадағалау жайлы ұмытпаңыз. Бұл сізді дұрыс тамақтануға үйретеді және әдетте жейтін тағамның құнарлығын елестетуге көмектеседі.
Үшіншіден, әрине, спортпен айналысу және арықтауға арнайы жаттығуларды жүйелі түрде жасауды ұмытпаңыз. Олардың ішінде йога, жүзу мен жүгіру секілді аэробтық жаттығулар дене майының азаюына әсер етеді.
Төртіншіден, күніне ең аздай 4 рет тамақтануға үйрену қажет. Бұл сізді аш болудан сақтайды.
Бесіншіден, 7-10 күннің ішінде бір күні өте аз құнарлы тамағамдарды ғана жеп, күнделікті калория нормаңызды шамамен 1000ккалға дейін шектеу керек. Бұл сіздің ағзаңызды әр түрлі токсиндардан тазартады.
Егерде, жоғарыда айтылған ережелерді нақты түрде ұстансаңыз, қалаған нәтижеге жетесіз!
Оқығандарыңызға көп рахмет, сұрақтарыңыз болса қуана жауап беремін!