Ашулы жұдырық - күліп тұрған бетті ұра алмайды (Шығыс ертегісі)



Ерте ерте ертеде… Қытай астанасы Пекинде Лулу есімді қыз тұрмысқа шығып енесінің үйіне көшіп барады. Тұрмыс құрғанына көп болса 1 апта болса да, енесімен бір шаңырақ астында тұра алмайтынын түсінеді. Өйткені екеуінің мінездері бір біріне теріс болып, келін не жасаса да енесінің көңілінен шықпайтын еді: мынаны дұрыс емес, мынаны теріс жасадың деп келініне себеп-себепсіз ұрыса беретін. Бір айдан соң енесінің ұрысына одан әрі шыдай алмай келін ӛзінің сиқыр шөптерімен әйгілі тәуіпке барады. Көз жасын тыя алмай енесінің өлімін қалағанын айтады. Тәуіп қыздың сұрауы бойынша арнайы шөп дайындайды.
— Осы шөпті 3 ай бойы енеңнің тамағына күніге 2 рет қосып тұр. Бұл у шөп аз аздан берілуі тиіс. Енеңнің өліміне сенің қатысың бар екенің ешкім білмеуі үшін де осы шөп жайлы ешкімге айтпа және де ешкімнің күмәнін туғызбау үшін енеңе 3 ай бойы жақсы қарап, оған ол жақсы көретін тамағынан жасауың керексің.
Сол күні Лулу үйге қуанып кіреді. Ертеңіне енесіне жақсы көретін тамақтарынан күнде жасап, тамаққа аз аздан у қосып тұратын болады. Және де, ешкім күмәнданбасын деп енесінің тілін алып, оған жақсы қарайтын болады. Енесі де келіннің өзгергенің байқап одан әрі ұрыс үшін ешбір себеп таппай қалады. Осылайша енесі келінді өз қызынан артық көріп жақсы көре бастайды. Ененің осылай күрт өзгеретінің күтпеген Лили ененің тамағына у салып жүргеніне өкінеді. Оның осы әрекетінен енесі қайтыс болатынынан қорқады. Тәуіпке барып ененің өлімін қаламағанын, мүмкін болса берген у шөптің әсерін жоққа шығаратын басқа шөп даярлауын сұрайды. Осыны естігенде тәуіп күлімдеп:
— Қызым, осыдан екі ай бұрын мен берген шөп у емес, жәй дәмдеуіш болатын. У тамағында емес, мына басында еді. Сен енеңе жақсы сөз айтып, жақсы қарай бастағаныңда енең де саған жақсы қарай бастады.

Ұмытпа: адамдардың сені жақсы көруін қаласаң, сен адамдарды жақсы көруің керексің. Өйткені, гүл берген кісінің қолыңда міндетті түрде гүлдің иісі қалады...

 

 



Бөлісу: