аш таразы
блог
Төрт күн демалысымды өткеріп, ауылдың шаруасын атдуши атқарып, қалаға қайтып келе жатқанмын. Жолда маршрутымыз май құяйын деп АЗС бекетіне тоқтады. (май құю сылтау ғоо, негізі жолаушылардың ақшасын жинау үшін тоқтайды.) Аяқты жазып алайын деп, сыртқа шықтым.Бірінші көзім түскені алыстан менмұндалап тұрған жарнама баннері болды. Акция деп шекесіне баттитып жазып қойыпты. Мейлі деп, назарымды басқа жаққа аударсам "аштаразы" деп тұр. Оқығанға бірден күлкің келеді екен. Аш таразы. Ш жоқ. Шынында да айналасына қарасаң аш таразы, клиент жоқ, есігі тарс жабық. Ойладым, басында ашылғанда шаштаразы болған. Кейін уақыт өте келе клиент болмай ашығыңқырап, ш түсіп қалған. Егесі жақын қаладағы бір шаштаразыны арендаға алып, тастап кетіп қалған шығар сосын деп ойладым.