Әсерлену (Қалқаман САРИНге)

Әсерлену  (Қалқаман САРИНге)
жеке
блог

                          Әсерлену  (Қалқаман САРИНге)

“ЖҰЛДЫЗ ҒҰМЫР” жалганып  “ТҮНГІ ЕЛЕСке”,

“АРМАНЫМНЫҢ БЕЙНЕСІ” мұңды емес пе?

“ІҢІРДЕГІ ҮНСІЗДІК”  арқау болып,

“ТАМШЫ ТАҒДЫР” сыр айтар күнде кешке.

 

“САҒЫНБАУҒА” тырысып  “МАҚТА ҚАРды”,

“ЖЫЛЫ ЖАҢБЫР” шырқайды жаттап әнді.

“ТІРШІЛІКтің”  тұншыққан  МҰҢдарына,

“САҒЫНЫШтан” жазған жыр хатта қалды.

 

“АЙСҰЛУ” күннен сұлу көктемдегі,

“ЖАЗ ЖАМАЛЫ”  ып-ыстық. Өпкен лебі.

“ТЕСІКТАСқа” телміріп күтіп отыр,

“АРҚАТТАҒЫ БІЗДІҢ ҮЙ” көптен мені.

 

“КҮЙЗЕЛІСТЕН” төкпегем еш жасымды,

“КҮЙ-ҚАРШЫҒА,” ұрпақ саған бас ұрды.

“АЙНАЛАЙЫН,ТУҒАН АУЫЛ” тұғырлы,

“ӘЛДИЛЕЙ БЕР,” “ЕРТІС...СЕМЕЙ..” жас ұлды.

(www.kalkamansarin.kz)