Сәлем, достар! Мен ше...)) Қызық бір нәрсе айтайын ба?)))
Шыңғыс Айтматовтың "Шынарым менің, шырайлым менің" повесінің желісі бойынша қойылған "Қызыл орамалды шынарым" спектаклін көргендер бар шығар.
Мінеее, мен сол қойылымдағы Әселдің ролін ойнағым келіп жүр. Ең алғаш желтоқсан айында көргем ғой, ол кезде бұл ойымның көлеңкесі де жоқ ед. Жақында ғана екінші рет көріп келдім. Әселді белгілі дарынды әртіс Аида Жантілеуова сомдайды.
Оған сөз жоқ тамаша ойнайды. Одан артық ойнап берем деп те айтпаймын, әрине... Мұным арам ой болмас...Театрға барсам болды сахнаға шығып кетіп, сондағы әртістермен жағаласып ойнап кеткім келеді де тұрады)) "Бұл қыз осы ойының орындалуына тілекші жан іздеу ниетімен жазып отыр" деген ойдан қашыңыздар. Мен жәәәәй, кішкентай ғана арманыммен бөліссем дегем ғой.