Асанәлі атаның естелігі
жеке
блог
блог
«Ш.Уәлиханов туралы кино түсірілімі кезінде Шоқанның рөлін сомдаған ұлым Сағидың астына мінген ақбозы түсіру алаңында шаршаған, әлде мезі болды ма, икемге көнбей мінез көрсетті. Ашу қысқан мен атты қатты жекіп, басынан қамшымен ұрдым. Өмірі бетіме келмеген ұлым: «Аға, тоқтат!» деп, қатты дауыс көтеріп, қолымнан қамшыны жұлып алды. Сабама түскен соң атқа қарасам, көзінен жас мөлтілдеп тұр екен. Алланың құдіреті, көп ұзамай көзімнің қарашығындай қос құлынымнан айырылдым. Сонда мені аттың киесі ұрды ма деймін. «Сол сәттегі аттың жанары есімнен кетпейді»...