Асабалық өнер – мамандық па?

Асабалық өнер – мамандық па?
жеке
блог

Баршамызға белгілі қазақ халқы – тойға жақын халық, тіпті тойсыз елестету мүмкін емес. Бұрыңғы замандарда еліміздің той-думандары жасыл жайлауда, көкпар, бәйге сынды ойындармен дүрілдеп өткені баршамызға айқын. Ал қазіргі заманда тойларды өзкізуде банкет деген ұғым енгізілген. Оларды көбіне мейрамханалар мен кафелерде атап өткізіледі. Кезкелген үлкенді-кішілі жайттардың баршасын туған-туыстары және таныстарымен өткізуді ұнататын қазақ елінде күнде-түнде той. Алайда бұндай іс-шаралар үлкен еңбекті талап етеді. Ал енді тойдың есте қаларлықтай немесе қызық болмауының барлығы тікелей асабаға байланысты. Асаба деген кім? Оның қызметі қандай? Қазақ халқында бұндай ұғым бұрында болған ба?, - деген сауалдарға осы блог барысында жауап бергім келеді.

   

    Асаба дегеніміз тойдың, үлкен жиындар мен бейресми отырыстардың атмосферасын бірқалыпты жоғары деңгейде ұстауын өз міндетіне алған адам. Қазіргі таңда, асабаның орнына тамада дейтін сөз көбірек қолданылады. Асабалардың міндеттеріне, сонымен қатар тост айтушылардың кезегін дұрыс ұстау, шағын ойындардың назарсыз өтпеуін, қонақтардың көңіл-күйін түсірмеу және олардың тойда еркін сезінуін қарайлау секілді маңызды жұмыстар кіреді. Негізінде бұл өнер көбіне ерлерге тән болғанымен, әйелдер қауымының өкілдері де кездеседі. Егер тарихқа терең бойлайтын болсақ, бұрынғы кезде бұл ұғымға лайық адамдар үлкен дережеге ие болған, себебі әр елдің өзінің асабалары болған. Қай-қайдағы танымайтын адамды асабалыққа шығару беттің қызылына тең ұят теңеген. Туған елін өзгеге өз ұлдарынан басқа кім жақсы таныстырады деген ой терең бой алған ел болғанбыз. Өз кезегінде қонақтардың арасынан да өз елін таныстыратын адамдар болған, алайда олар тек таныстыру әрмен қарай тойдың өтуіне қатыспаушы еді. Әр елдің асабасы, өзінен кейін бір шәкіртті таңдап, мұрагерлері ретінде қалдырып отырған. Өз кезегінде шәкірт те қиыннан қиыстырып тұрып сөз саптап үлгермесе, тапқырлығымен тәнті қылмаса, асаба болып қалыптасуы қиын.

   

   Ал енді шет мемлекеттердегі асабаларды қарастырар болсақ, олардың біздің елдің асабаларымен бірнеше айырмашылықтары бар екен. Мысалы, Украина елінде асабалар тек ыстық лепті сөздерін білдіруші адамдарды хабарлап қана тұрады екен. Ең қызығы, екі жастың тойындағы асаба бірнеше құрал-саймандарды алып келіп той барысында үйлетін жігіттен оның берілген ағаштан нәресте жататын кереует, тартпа жасауын өтінеді екен. Егер жігіт жасай алса, асаба оның шеберлігін мойындап екі жасқа бақыт тілейтін көрінеді, жасай алмаса... Грузияда болса тіптен ең бірінші асабалар бізден шықты және ол сөз ең бірінші рет бізде қолданылды деп мәлімдеуде. Ол жақтағы тамадаларды жастайынан баптап өсіреді екен. Грузиядағы тамадалар тойдың ең маңызды адамдары болып саналады. Егер біреу тойға кешігіп келсе, кірер алдында ол адам ең бірінші асабаның рұқсатын сұрайды екен.  

   

  Сонымен тамадалыққа біздің заманда қандай адамдар лайық? Қазір тойлардағы асабаларға көз салар болсақ, олар сөзге шешен, кез-келген пайда болған қиындықтарды елге білдіртпейтіндей етіп көңілдерін аулайтын адамдар. Олар әр тойда сан алуан түрлі ойындар мен тілектерді халыққа паш етуді мақсат етіп қояды. Олардың пайымдауынша, бұның барлығына көптеген уақыт тер төгіп, дайындалу керек екендігін айтады. Тойда 5-6 саған тоқтамай сөйлеутін адамның құны қанша болмақ деген сұраққа мен ғаламтордан жауап іздедім. Олардың алатын қаржылай сыйлықтары дегенде, бір кешке 75 000 теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі аралықта жатады. еске салар болсақ, Қазақстанда орташа айлық 60 000 теңгеге тең болса, асабалар одан көп ақшаны бір күнде табады. Ең көп алатын асабалар тізгінін Тұрсынбек Қабатов пен Нұржан Төлендиев сынды өнер жұлдыздары бастап келе жатыр. Екеуінде де жеке бастарында әзіл-сықақ театрлары бар, екеуі де жас, екеуіде танымал майталмандар. Нұржан қазақтың ең керемет сатиралық актер болса, ал Тұрсынбек шет мемлекеттердегі ең танымал жастар жобасы КВН (Тапқырлар мен көңіл көтеретіндер клубы) бағдарламасында Қазақстанның намысын қорғаған үлкен азамат. Бұл кісілер үлкен тұлғалардың тойларын жүргізуге лайық адамдар деп саналады. Бұл екі адамнан алған сұхбаттарынаназар салар болсақ, халық оларды неге соншама қатты сыйлап, жақсы көреді деген сауалға екеуі де былай жауап беріпті: «халыққа тек ел арасында болып шындықты күлкілі етіп жеткіземіз. Бұған олар мәз болады. Біздің концерттерімізге келу арқылы олар өздерінің кейпін есіне түсіреді», - дейді.

     

    Сөз соңында, бір айтып кететін жайт, қымбат асаба - жақсы асаба деген сөз емес. Біз XXI дамыған технологиялар заманындамыз, үлкен дәрежеде әсер ететін жалған жарнамалардыңқармақтарға түсіп қалмаңыздар дегім келеді. Ең жақсы және тексерілген жол - асаба жайында халықтың берген бағасы. Қорытындылай келе, әдемі әзілдерімен, жарасымды ой-пікірлерімен, тапқырлығымен, ой салатын кестелі сөздерімен көптің көңілін төрге шығаратын өнер иелері қазақтың кез келген тойында сөз бастап жүрулерін жалғастыра берсін деп бұл шығарманы қорытындылай кеткім келеді.