- Шай демдейтін құманға қайнаған су құймай тұрып, бір шақпақ қант салсаңыз, шайыңыз хош иісті әрі қою болады.
- Егер ұн тұрған сөреде ылғал барын байқасаңыз, бірнеше құрғақ лавр жапырағын салыңыз. Олар ылғалды жақсы сорып алады.
- Ыдыс түбінде пайда болатын шай мен кофе дақтарын сірке суы қосылған сода ерітіндісі арқылы оңай тазартуға болады. Ыдыс айнадай жарқырай түседі.
- Пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай жалтырап шыға келеді.
- Фарфор ыдысты тұзды суда жуған жақсы (1 литрге 3 ас қасық). Мұндай ыдыстар қою шай дағынан содамен де дұрыс тазартылады.
- Дастарханның қайырылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластырь жапсырып қою керек.
- Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.
- Жарыңыздың жұмысына күн сайын тамақ салып беріп жүрген болсаңыз, сізде герметикалық ыдыстар бар. Босап қалған жағдайда олардың ішінде жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін. Одан сақтану үшін контейнерге кішкене ғана тұз сеуіп қойыңыз.
- Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда ұзағырақ сақталатыны байқалған.
- Жұмыртқаның жарамдылығын тексеру үшін оны 10 см су құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз сақтала алады. Жұмыртқа сәл қалқып, төбесі судың бетінен шығып тұрған жағдайда, жұмыртқаны тез арада қолдануыңыз керек. Ал судың бетіне қалқып шыққан жұмыртқаны қоқысқа тастаңыз.
- Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.
- Мандарин қабығын тұзға батырып, онан соң қола ыдыстарды сүртсеңіз, май дағы оңай кетеді.
- Таза суға азырақ сірке суын қосып, ағаштан жасалған жабдықтарды немесе дастархан бетін сүртсеңіз, май дағы оңай кетеді.
- Бірнеше қолданылған шай қалташаларын ыдысқа салып, тоңазтқышқа қойыңыз. Шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады.
- Қасық, шанышқы мен пышақтарды бананның қабығының ішкі жағымен бір сүртіп шығыңыз. Артынан құрғақ орамалмен сүртіңіз. Қасықтарыңыз жарқырай түседі.
- Суға лимон шырынын қоссаңыз, қабықсыз пісірілген картоптың түсі ағара бастайды.
- Көкөністерді пісіретін болсаңыз, үстіне екі қасық қант қосып жіберіңіз. - Ас үйдегі жағымсыз иісті кетіру үшін апельсин немесе лимонның қабығын оттықпен күйдіріңіз.
- Шикі көкіністерді ұзақ сақтау үшін оларды дымқыл сүлгіге орап қойған жөн.
- Нанның көгермегенін қаласаңыз, жабық ыдысқа салып, жанына алма немесе картоп қойыңыз. Нан салғышты апта сайын сабынмен жуып, ішін 1/3 бөлік суға сірке суын араластырып, сүртіңіз. Ақ нан мен қара нанды қатар қоймағаныңыз абзал.
- Лимонды сыққан кезде шырыны көбірек шықсын десеңіз, алдын ала 5 минутқа ыстық суға салып қойыңыз.