Ас мәзіріңізде қандай ботқа (каша) бар?

Барлығымызға кішкентай бала кезімізден «каша» сөзі таныс. Ботқа тек құнарлы, дәмді тағам ғана емес, сонымен қатар оның құрамында адамның ағзасына өте пайдалы витаминдер бар. Сіздерге денсаулыққа пайдасы мол ботқалардың ұсынуды жөн көрдім.

Гречка. Гречкадан жасалған ботқа ең пайдалы болып есептеледі. Өйткені оның құрамында В тобының витаминдері бар. Гречка ботқасы тойымды және минералдарға, фосфор мен темірге бай.

Сұлы. Сұлы да минеральді заттар мен витаминдерге бай. Қан айналымы мен жүрек қан тамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне пайдасы мол.

Жасымақ (Чечевица). Дәнді-дақылдар тобына емес, бұршақтылар тобына жатады. Дәнді-дақылдарға қарағанда, бұршақты тағамдардың құрамында ақуызы молырақ болады. Сонымен қатар, В1 витамині мен форфорды да осы тағамның құрамынан кездестіруге болады.

Күріш энергия мен көмірсуға ең бай дәннің бірі, бірақ күріштің құрамында жоғары айтылған дәндерге қарағанда ақуыздың мөлшері өте аз. Үнемі тек күрішті тағам ретінде пайдалана берсеңіз,  ерте ме, кеш пе сіздің ағзаңызда дәруменнің тапшылығы пайда болуы мүмкін.

Тары (пшено). Тары да пайдалы дәндердің қатарында. Құрамында ағзаға қажетті түрлі витаминдер, магний мен форфор. Сонымен қатар картопқа қарағанда, тарының пайдасы мол екенін де ескерген жөн.

Таңғы ас мәзіріңізде төменде көрсетілген ботқалардың бірі міндетті түрде болсын)



Бөлісу: