Ас мәзірі: екі түрлі пицца.
блог
Пиццаның түр-түрін қыздар әзірлеп, мында көптеген рецепттер салынды да. Менің кереметтей рецептім жоқ, бірақ расында дәмді пицца жегісі келгендер келесі екі пиццаны ұсынамын))))
Біріншісі, ашытқысыз қамырдан жасалған пицца:
Қамырға керегі:
ұн - 2 кесе
тұз-1 шәй қасық
зәйтүн майы -2 ас қасық
қант - 2 шәй қасық
су
Топинг:
томат пастасы -2 ас қасық, дәмдеуіштер: кептірілген базилик, сарымсақ, қара бұрыш, паприка және т.б. бәрін араластыру керек.
Жұжық - 150 гр.
қара зәйтүн - 15 дана
қызанақ - 3 дана
моцарелла немесе кез келген өзге сыр - 200гр.
Қамырды илеп, 20 минутқа жылы жерге қою керек. Табаға май жағып (мен арнайы қағазды да қолдандым), қамырды қолмен жаю керек. Шелпек ұқсаған қамыр үстіне соусты жағып, жұқа етіп туралған шұжық, қызанақ, зәйтүнді саламыз да, үстіне сыр себеміз))) 200 градусқа дейін қыздырылған пеште 25-35 минут пісіреміз. Дайын болған кезде ыстық пицца үстіне зәйтүн майын құямыз.
Екінші пицца - ашыған қамырдан жасалған, жиегінің ішінде сыр бар)))
Бұл пицца қамырына кептірілген жасыл пиаз да қосқам)
Қамыр:\
Ұн
ашытқы
тұз
су
қант
зәйтүн майы
Топинг: Жоғарыда жазылған томат пастасы мен дәмдеуіштер
пісірлген ет (кез-келген пісірілген ет болуы мүмкін) - 200 гр
Қызыл бұрыш - 1/2 дана
Қызанақ -3 дана
Зәйтүн - 15 дана
дәмдеуіштердің жиынтығы - 1 ас қасық
Кез келген қатты сыр - 200 гр.
Қамырды илеп болған соң, жылы жерге қою керек. Көтеріліп, ашыған қамырды табаға жайып, үстіне пастаны жағамыз. Пастаға зәйтүн майын араластырса жақсы, себебі мен қолданған ет құрғақ еді. Кейін үстіне қызанақ, қызыл бұрыш, ет, сыр, кейін барып зәйтүнді турап салу керек.
Қыздырылған пеште 35 минут пісті.