Ас қорыту неден басталады?

Ас қорыту неден басталады?
жеке
блог

     Тамақтың өңделуі ауыз қуысынан басталады.Мұнда шайнау процесінде тамақ үгітіліп,сілекеймен шыланады да,осының нәтижесінде тамақ түйірі қалыптасады.Ауыз қуысында тамақ 15-18 секунд болуға тиіс.Бұл уақыттың ішінде ол әдетте мұқият шайналып сілекеймен араласады.

     Адамның сілекейінде көмірсудың глюкозаға дейін (жүзім қантына дейін) ыдырауын туғызатын ферменттер болады. Птиалин ферментінің (амилазалардың) әрекетімен крахмалдың әуелі декстриндерге, одан соң дисахарид мальтозаға ішінара айналады. Сілекейдің екінші ферменті - мальтаза мальтозаны глюкозаның екі молекуласына ыдыратады.

     Сілекей ферменттері барынша белсенді болғанымен,тамақ ауыз қуысында өте аз уақыт болатындықтан,ауызда крахмал глюкозаға дейін толық ыдырай қоймайды.Сілекейдің бейтарап реакциясы болады, ал мұның өзі птиалин мен мальтазаның ең пәрменді әрекетіне сәйкес келеді. Тұз қышқылы бар асқазан сөлі асқазанда сілекей ферменттерінің әрекетін тоқтатады,өйткені қышқыл ортада олар өздерінің белсенділігінен айрылады.Соған қарамастан птиалин мен мальтаза ферменттері асқазанда біраз уақыт өз әрекетін жалғастыра алады,өйткені тамақ түйіріне асқазан сөлі біртіндеп ғана сіңеді.

    Шайнап үгітілген, сікелеймен шыланып, неғұрлым жылтырланған тамақ түйір түрінде өндіршекке келіп,жұтқыншаққа, одан соң өңеш пен асқазанға түседі.

    Жұтынбаса, өңештен асқазанға өтетін жол жабық болады.Тамақ өңештен өтіп, оны кеңейткен кезде, одан асқазанға өтетін жол да рефлекторлы түрде ашылады.Тамақ асқазанға өткеннен кейін оған өңештен келетін жол қайтадан жабылады да,тамақтың ауыз қуысынан өңешке жаңадан келіп түсуіне дейін жабық күйінде қалады.Алайда кейбір паталогиялық жағдайлар тұсында асқазанға кіретін жол ас қорыту кезінде толық жабылмаған күйінде қалып, қышқыл қоспаның асқазаннан өңешке қайта лықсуы мүмкін. Мұндайда қыжылдау деп аталатын жағымсыз әсер білінеді.Өңештен асқазанға кіретін жол асқазанның, қарын бұлшық еттерінің күрт жиырылуы мен диафрагмасы кезінде лоқсығанда да ашылуы мүмкін.

*Өндіршек-жұтқыншақтан басталатын өңештің бойы, алқым.

Амилаза- ұйқы және сілекей бездерінде өндірілетін ас қорыту ферменті.

Ферменттер-химиялық реакцияларды жеделдететін барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар.