Бойымызда артық салмақ болса,теріміз құрғап,безеулер қаптаса бірден шағымданып қымбат дәрі-дәрмекке,косметологқа барып шығындалып жататынымыз рас.Осындай жағдайға ұшырамас үшін табиғи,арзан,күнделікті тұтынып жүрген өнімнің де пайдасы қаншалықты екенін білгеніміз абзал."Су-тіршілік көзі" деп жатамыз.Сусыз өмір жоқ.Егер сіз 4 апта бойы күніне 8 стакан судан үшетін болсаңыз ағзаңызда мынандай өзгерістер орын алады;
Безеулер мен қабынуларды шақыратын токсиндар ағзадан шайылып кетеді.Яғни арнайы маманға жүгінбей ақ бет теріңізді аршыған жұмыртқадай етуге сіздің мүмкіндігіңіз мол.
Күні бойы шаршаңқы болып жүру сіздің жұмысыңызға да кері әсерін тигізеді.Сол үшін кофені ұмытып,таңертең үйден шығарда су ішіп шығыңыз.Айта кетейік,шаршаңқылықтың ең бірінші себебі-ағзаға судың жетіспеушілігі екен.
Ас ішер алдында 1 стакан су ішіу арқылы сіз артық салмақтан арыласыз,әрі тамақты көп іздемейсіз.Себебі,ағзада су көбейген сайын асқазан тамақты көп қажет ете қоймайды.
Бауыр-адам ағзасындағы маңызды рөл атқаратын мүше.Оның да жақсы қызмет атқаруы үшін сұйықтық жеткілікті болуы керек.Бұлшық еттердің жиі ауыруы да судың жетіспеуі салдарынан.
Технологияның дамыған заманында түрлі сәулелердің салдарынан есте сақтау қабілеттің нашарлауы көптеген адамдарда жиі кездеседі.Ми клеткаларына да жылдам,жақсы жұмыс атқару үшін қорек керек емес пе?Міне,қарапайым су сіздің басты қаруыңыздың да белсенді қызмет атқаруына септігін тигізеді.