Арзан автонесие беретін банктер қулыққа басты

Та-даааам! 20 сәуірден бері құлағы түріліп жүрген автомобилшілерге "тосынсый"! :)

4 пайызға берілетін арзан автонесие өте жақсы бастама. 20 жыл бойы созылады. Әр ай сайын беріліп отырады. Үстемесі де көп болмайды. Жалпы жақсы машина - жаңа машина ғой. Бірақ... алғысы келгендерге айтар бір жайт бар. Бұрын автонесие ресімдеген кезде көлік келісімшарт мерзімі бойынша банктің меншігінде болатын да, бірақ сол уақыттарда міндетті екіжақты сақтандыру (оны біреулер КАСКО дейді) бір-ақ жылға сатып алу міндеттелетін. Оның ең аз дегендегі сомасы - 90 мың. Көлік құнына қарай, көбейіп отырады.

Ал енді, осы тосынсыйдың не екенін айтайын - көлікті несие арқылы алған кезде ресімдескен келісімшарт мерзімі бойындағы уақытқа, яғни әр жылға КАСКО төлейтін болдыңыз. Яғни ең арзан көлікті ресімдегендердің өзі 450 мың теңге қосып төлейді. Ал орташасы - 700 мың теңге, қымбат көлік, сәйкесінше - 1 миллион теңгеден асып жығылады. Бұл сол автосалондарға ертегі ойлап барып, біліп, басын қасып қайтқандардың тәжірибесінен алынған ақыл. Өз басым тіпті де жоламаймын :)

Сурет: automag.kz



Бөлісу: