Арыстанға қарсы тұрған мысық баласы

Арыстанға қарсы тұрған мысық баласы
жеке
блог

Өте өжет  жабайы мысық баласы өз өмірі үшін күресіп арыстандар тобырына  сес көрсетуден еш қорыққаны жоқ.

Неміс фотографы Клаудия Хопф Оңтүстік Африканың  Trasnfrontier Park жабайы табғат бағында түсірген суреттері  оқырмандарды  ойландырмай қоймасы анық, деп жазады The Daily Mail баспасы.

Кішкентай ғана жабайы мысық баласы өзін қоршауға алған арыстандар тобырынан құтылу үшін оларға тістерімен тырнақтарын көрсетіп айбат шеккен. Арыстаннан 30 есе кішкентай болғанына қарамастан мысық баласы өз жаны үшін жанкешті күрес алып барды. Арыстандар мысық баласының әрекетерін біраз уақыт күзетіп тұрып, соңында оны жеп қойды.