Арыңыз таза ма?
блог
Былай сұрақ қоюымда дұрыс емес болар, бірақ жазбасқа шарамда қалмай барады. Ұятты тақырыпты қозғадың ұятсыз деп сөкпеулеріңізді де өтінемін. Ал бұл жазғаным бүгінгінің болмысы. Оқыңыздар, шошудың еш реті жоқ. Ал мен одан әрі клавиатурама қарап әріптерді тере берейін. Дүние жылтырлаған сайын қыздарда жылтырға әуестеніп, бірінен бірі өтіп әдеміленуге тырысып бағады. Әдемі болған жақсы десекте шеттен шықпағанда орынды. Бір кездері бабам: "Қызға қырық үйден тиым"- деп еді, сол тиымыңды тиындар шешіп тұр қазір. Енді түсінген боларсыз тағы да айып етпеңіздер. Бұл біздегі Абырой мәселесі. Қыз өссе елдің көркі дейміз, сол елдің көркі болатын қыздардың бүгінгі бет-бейнесі һам болмысы жайында. Қазір қыз бен жігіттің көшеде қолтықтасып кетіп бара жатуы ерлік немесе есеюдің белгісі болып көрінгенмен арғы жағына үңіле бермейміз. Іштей бақыт тілеп, батамызды бергендей болып өте шығамыз. Ал олар не тірлік тындырып жүр ол жағы бізге жұмбақ күйінде қалып отыр. Ендеше сол қолтықтасқан қызбен жігіттің оңаша қалған сәтінде не тындыратынын білгіңіз келсе о дан әрі оқыңыз. Оңаша қалып өздерін анадан жаңа туғандай етіп, өз ісіне кірісе жөнеледі. Ару қыз деп жүргеніміз арынан айырылып қала береді. Ал жігіт өз буын жеңілдеткенге риза. Міне бір өмір бұзылды, бір өмір Аллахтың қарғысына ұшырады. Ар жағы түсінікті болған болар. Анадан пәк болып туылғандардың ардың жібін бұзып жатқаны мынау. Осы жерде тағы бір айтып кететін жайт үйленбей жатып қыздардың құрсақ көтеруі. Ақ босағаны, ақ көйлекті киіп тұрып, адалдықтың болмауы. Құнанбай заманы болса қамшының астына алар еді. Әттең, ақыл жастан деген даналықтың кейде текке, тексіздерге айтылатыны өкінішті. Ажырасуға себеп болатында осы ардың таза болмауы, Ертең ана болатын қыздардың әр еркектің астында ойыншық болғаны өкінішті. Қабырғамызға бататында осы. Ар алдында, адам алдында, Аллахтың алдында арларыңызда сақтаңыздар дегім келеді.