Арықтауға арналған 12 кеңес
жеке
блог
блог
- Тамақты асықпай шайнап жеңіз. Асқазанға тамақ бармас бұрын кеміңде 25 рет шайнасаңыз, ол тез қортылады әрі тістің қызыл иегіне де массаж болады.
- Жұмыртқа жеңіз. Біздер қонаққа көп баратындықтан алдағы тәтті тағамдардан бас тарту кейде өте қиын болады. Қонаққа барар алдында суға пісірілген 2 жұмыртқаны жеп алыңыз. Жұмыртқа пайдалы дәрумендерге бай әрі тойымды. Сондықтан дастарханда тұрған тәттілерден қарныңыз тойғандықтан бас тарта аласыз.
- Ірімшікке көшіңіз. Тәттілерден бас тартып, оның орнын ірімшікке алмастырыңыз.
- Ораза ұстаңыз. Жұмасына 1 рет ораза ұстаңыз, бұл күндері тек су немесе тек айран ішесіз.
- Шикі көкөністер. Көкөністер жеңіз (орамжапырақ, сәбіз, қияр), олар дәрумендерге бай әрі калориясы аз боп келеді.
- Күріш күні. Күріш құрамында натрий (адам организімін сұйықтықпен байланыстырады) аз болады, бірақ калий (сұйықтықты шығарады) көп болады. Егер жұмасына 1 рет тек қана күрішпен (күрішті тұзсыз минералды суға пісіресіз) тамақтансаңыз, онда 1 кг салмақ түсіруге болады.
- Мотивация. Егер тәттімен қоштасу қиын болса, онда 1 кәмпит жеу үшін сіз 30 рет отырып тұру сияқты жаттығуларды жасау керекпін деп, әр тәтті үшін өзіңізді жазалауға да ұмытпаңыз.
- Су. Тамақтанарға 10 минут бұрын жылы минералды таза су ішіңіз.
- Балық күні. Жұмасына бір балық жеңіз. балық Д дәруменіне бай. Теңіз балықтары қандағы холестирин деңгейін азайтады.
- Алма. Күніне 1 алма жеңіз, ол жүйке жүйесін жақсартады.
- Жиі бірақ аздап. Күніне 5 рет тамақтаныңыз.
- Тұз туралы ұмытыңыз. Тұз организмдегі сұйықтыққа кедергі келтіреді. Әрі тұз барлық азық-түлікте бар, сондықтан тамаққа тұз салмасада болады.