Арық топ-модельдерге тыйым салынды
блог
Израиль мемлекетінің билігі арық қыздарға модель ретінде жұмыс істеуге тыйым салды.
Арық модельдердің сән әлемінде жүргені халық арасында жаппай арықтау салдарына әкелді. Жеткіншектердің көбісі дұрыс тамақтанудан бас тартып, анорексия дертінің құрбаны болып жатыр.
Әлем бойынша Испания, Италия, Бразилия мемлекеттеріне Израиль де қосылып, арық модельдердің жарнамаға қатысуына тыйым салды.
http://1tv.kz/kk/news/culture/28032012/model
Кастингке келген модельдің арықтылығын бірнеше әдістермен байқауға болады. Біріншіден, бойжеткеннің бойы 175 см болса, кем дегенде, салмағы 57 келі болуы міндетті. Егер ол бұл салмақтан жеңіл болса, модель агенттігі олармен келісімшартқа отырмайды екен.
Екіншіден, кастингке келген модель суретке түскенде, иығы мен жамбасындағы сүйектері көрінбеуі қажет.