Арық сөйле семіз шық
блог
Бірде жәп жас кезімізде жұмысқа практикаға қыздар келген еді. Жұмыс ішінде гу-гу болып жатыр бойдақтар арасында, мәселе әдемі қыздар келіпті деген. Ішінде екі қыз ғана жақсы көрініп жүрді жұмыс барысында.
Бір күні бастығым сол екі қыз түнімен жұмыс жасайтынын айтып менің үйлеріне апарып салуым керек екенін айтты.
Мен қуана келістім. Ғашық болып қалғанымнан емес олармен жай жақсы қарым қатынаста болу үшін. Түн жарымда екі қыз зорға дегенде жұмыстарын болып сыртқа шықты, мен күтіп алып үйлеріне әкеле жатырмын. Ол уақытта тахі аз қала емес аудан орталығы болғасын. Жаяулатып жақсы келе жатырмыз қалжыңдасып, бірде ол екеуі сұрақ қойды , елдің балдары гу-гу болып жатыр екен практикаға қыздар келіпті деп сізден сұрап жатырғандар барма? Біздің оқуымыз бар алып қашпасын деген ой еді деді. Мен айттым талай жігіттер сұрады қандай қыздар келді деп дедім, олар не деп жауап бердіңіз деп жатыр, мен көптің біріндей ел қатарлы қыздар асып бара жатқан сұлу деп айтпаймын кәдімгі қыздар деп жауап бердім дедім. Ол қыздар ыңғайсызданып қалып, сонда бізге әдемі қыздар деген сөзді қимадыңызба деді, мен жоқ қиамын бірақ арық сөйлеп семіз шық деген сөз бар, егер мен я өте әдемі жайдарлы қыздар келді деп өз ойымды ашық айтсам олар мен ойлағаннанда артық елестетіп жіберіп сіздерді көруге жетіп келіп жатырса олардың ойындағы күн астындағы күнекей қыздар болмай қалса ой мыналарма деп жатырса маған ұяттау сиақты. Сіздердей қыздарға "ой мыналарма " деген сөзді айтқызғым келмеді дедім. Негізі ол екі қыз ашық жарқын әдемі және жұмыстарына адал пысық қыздар еді. Мен үнемі әңгімені тартыңқырап айтамын артық қабылдамасын деп. Осы ұстанымыма кейде достар күліп жатады шыныңды айтпайсын бәрі болғасын естіп жатамыз деп дейді.