АРУЛАРҒА АРНАЛАДЫ!!!

АРУЛАРҒА АРНАЛАДЫ!!!
жеке
блог

Аруларға!

 

Арулар - өмір гүлі, аяулы ақ армандар,

Шуақ шашып мөлдіреген нұр жанарлар.

Жаны мұң болса-дағы жүзі жылы,

Барлығы да тал мүсін бір аққулар!

 

Арулар өмірге шуақ боп тарайсыңдар,

Көздеріңде жасырылған бір сыр бар.

Бозбала қиялында арман болып,

Назды бір қылықтарыңмен арбайсыңдар!

 

Әрбір үйде гүл болып бүршік атқан,

Бой жеткен соң өзге үйге шам жаққан.

Бір кездегі әкенің ерке қызы -

Ақ келін боп ата-ене бабын тапқан!

 

Көңілді баурап түрлі арман,

Не көрсетпейді бұл жалған?

Жар жиегімен жүргендей,

Құламаңдар биік құздардан!

 

Алау от боп лаулап жаныңдар,

Ата-анаңның ақ үмітін ақтаңдар.

Қанат қағып арманға жетсеңдер де,

Қыз болып Ана жолын жалғаңдар!

 

Нұрлы үміт боп өмірді жалғайсыңдар,

Қызғалдақ гүл боп мәңгі қалғайсыңдар.

Артылмасын бойларыңнан бір нәзіктік,

Барлығың да ең бақытты болғайсыңдар!!!