Арулар-асыл жандар!
блог
Өмірдің гүлі, көңілдің нұры аяулы арулар, жүрегі мейірімге толы аналар, ақжаулықты әжелер! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі Әйелдердің Халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жалғанның жарық ай мен жұлдызы сіздерсіздер! Күндей айналаға шуақ шашып, жылу төгіп, гүлдей құлпырып, өмірге сән беріп жүре беріңіздер. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін нәзік жандылар, ұлттың көркі мен айнасы болып жүрген сұлулар дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, береке, ынтымақ, бірлік, қуаныш, адалдық, махаббат, сүйіспеншілік, мәңгілік жастықтың алауын тілеймін!
Әлемнің тұтқасын ұстап, ұлтты ұлт етіп қалыптастырып отырған әйелдер қауымы сіздер өздеріңіздің қашан да қадірлі, сыйлы, бағалы, сүйікті екендеріңізді ұмытпаңыздар!