Бүгін аздап ұлым ауырып, көңіл-күйіміз болмай тұр. Кішкентайлар ауырғанда көзің біраз затқa ашылады және көп ойлай бастаймыз. Солай отырып бір қызық мақалаға тап болдым. Сіздермен ой толғағым кеп тұрғаны. ⠀
Ата-аналар балдарына не бергісі келеді? Әрине, өзі алмаған білім, оқу, үздік мектеп, жоғарғы оқу орны. Яғни, жарқын болашақ сыйлағысы келеді. ⠀ Былай ойлап қарасаңыз, ойға қонымды дүние секілді. Бірақ шынайы өмірде қарама-қайшылық бақылаймыз. Өз тәжірибемде оны бақыладым. Соңғы ғылыми деректерге сүйенсек, мықты универ, престижді мектепте оқитын балалар көп қиындыққа, депрессияға, психологиялық дертке ұшырайды екен. Оның арғы жағы алкоголь, темекі, есірткі, анаша. Түсінікті болар. ⠀
Себебі жағдайы жақсы отбасыдан шыққан балалар, әрдайым ата-ана тарапынан, мектеп мұғалімі, әкімшілік, қоғамның қысымымен өмір сүреді. Яғни, оларға баланың ішкі сезімі, не қалайтыны, махаббаты емес, оның бағасы, нешінші орын алғаны, грамотасы, өздерінің авторитеті маңызды. Кішкентай кезінен бала өз бағалылығын қандай жетістікке жеткенімен анықталатын болса, сәтсіздікке ұшыраған кезде қандай депресснякқа түсетінін білмейміз. Осыдан суицид, ата-анамен қиындықтар, алкоголь, темекілер пайда болады.
Енді осы мысалдан біз қандай өзгертулер жасай аламыз? Біз баламызға қандай құндылық беріп жатқанымызды білуіміз керек. Жетістік немесе жеке тұлға? Біз оларды жетістіктерінсіз, баламыз ретінде қабылдай аламыз ба? Шынайы жақсы көреміз бе? Міне осы сұрақтарды өзімізге қойған жөн. ⠀ Біздің мақсат баламызды жай ғана сүю, барлық кемшіліктерімен қабылдау, жетістіктеріне бола бағаламауымыз керек. Сонда ғана бала бұл өмірде өзін таба алады. Тұлға ретінде өзін еркін сезіне алады. Бастысы қасында бірге болып, махаббатымызды аямайық. Қалай ойлайсыздар?
Мені мына жерден таба аласыздар: