Арпалыс

Ух, жеттім ау үйге... Төсегім, қазір тәтті ұйқыға кірем... Күні бойғы ойлардан, уайымдардан, бәрінен ада болам... 

Так, тоқтай тұрш "агентте кім бар екен?", ммм ... Қой ұйықтайын... 

 салем, түнгі сағат екі боп қалды неғып отсың? ойлар мазалап, ұйқы бермей қойшы, ойларды өшіріп таста...

Агент соткаммен бірге сөнді...

Ух, ұйқым менің... Қайдасың?

Арпалыс, дөңбекшу, арпалыс... Жетелеген ойлар... Сан саққа жүгірген жүйрік ойлар... Күту... Сағыну... Жабығу... Ойлау... Армандау... Қиял... Ерік... 

Мәссаған, мен күліп жүрмін. Ішімдегі бір сәт мәңгі осы күйді күткендей... Қуаныштымын, ойлап қоям "бақыт" деген осы екен  ғой... Тілеп қоям, "осы сәт" мәңгі осылай тұра берсінші...

Құрсын, не дейсің? Кетем дейсің? Қайда, кіммен? Қорқыныш... Күрсініс... Уайым... Санамда уланған уайым... Жүрегімдегі бір қимастық... Көзімдегі үнсіз жас... Тоқташы... Айқайлайм... Даусым жетер емес... Қарамайсың... Жүрегім толған сағыныш... Мұң... Кұрсініс... 

Жаңағы бақыт қайта күн сәулесін шашқандай... Жүрегім қуаныш тойын жасап жатыр... Иа осы мәңгі осылай болып тұра берші... Мен осылай бақытты болайыншы... Сен де... Бақыттымын... 

Шырылдаған будильник... сағат жеті... тұр жұмысқа бар.. мен дым да ұйықтамадым ғой... соткамда қарағанымда 4 31 еді ғой жаңа ғана... қалайша 7 тіні көрсетіп тұр... мен ұйықтап жатқан болармын... Сыңғыр, сыңғыр тұра ғой, осы үнді жек көрем... Көздерім ашылмайды... Тек тілеуім сол күйінде әлі де тілеп жатырмын... Не көріп ем өзі? Не бақыт еді? Неден келген қуаныш еді??? Жүрегімде әйтеуір бір бейтаныс күй... 

Құлағымда;

"мейлі,...

болсын алыс арамыз,

түссе де салқын қара күз..

бірге бүршік жарамыз...

Мейлі, 

мұңды боп өтсін түндерім,

сені іздеп өтсін күндерім...

Қиялыммен біргемін..."  такси тосып тұрмын...



Бөлісу: