Арнайы Массагет үшін: фунчоза қосылған кәріс салаты
блог
Осы кәріс апайлар сататын салаттың дәмі ерекше, бірақ удай қымбат болатыны. Тап сол салаттарды үйде жасасақ, он есе арзан шығатыны сөзсіз. Мысалы, фунчоза салатының 100 гр.-120 теңге тұратынын көргенде қатты таң қалдым.
Келесі ұсынатын мәзір мен секілді сараңдарға арналады))) Рас айтам, 100 гр салатқа соншама ақша қимаймын)))
Сонымен,
құрғақ фунчоза, спаржа, сәбіз, пияз, сарымсақ, өсімдік майы, тұз, қызыл ашы бұрыш, қара бұрыш, соя тұздығы, қант, уксус керек.
Алдымен фунчоза мен спаржаны екі бөлек ыдысқа салып, ыстық қайнаған суға бұқтырамыз.
Ол екеуі "кондициясына" дейін жеткенше, 4 дана сәбізді арнайы үккіштен өткіземіз. Үккіштен өткізілген сәбізге бір ас қасық қант, екі ас қасық жүзім уксусы (осының қазақшасы қалай еді?), егер жай уксус болса бір ас қасық жетеді, сарымсақтың бес тілігін өте майдалап турап салып қоямыз.
Табада үлкен бір пиязды (шамамен 100 гр) қуырамыз, үстіне екі шай қасық қара бұрыш, бір жарым шай қасық (не бір шай қасық, егер тым ашыны жақтырмасаңыз) қызыл бұрыш, бір ас қасық соя тұздығын салып, араластырамыз. Осы уақытты спаржа ісіп, жұмсарып қалады. Оны бөлшектеп, пиязбен араластырып, тағы қуырамыз.
Табаның астын өшіріп, пияз бен спаржа ыстық болып тұрғанда сәбіз үстіне саламыз да араластырамыз. Табаны жууға асықпаңыз, әлі фунчоза қарап жатыр ана жақта))))
Ыстық күйінде салынған пияз сәбіздің жұмсаруына және қанттың еруіне ықпал етеді.
Келесі кезекте фунчоза. Әшейінде бір түн мұздай суда бұқтырады ел. Шыны керек, ерінем. Сол үшін экспресс әдіс, фунчозаны қайнаған суға бір сағатқа бұқтыра салу. Тез және нәтижес бірдей.
Сонымен, бұқтырылып, дайын тұрған фунчозаны мұздай суға екі рет шайып алу керек. Кейін майдалап турап, бағана пияз қуырған табаға қуырып аламыз. Сонда, фунчозаның өзіне тән иісі жоқ болады. Дайын фунчозаны сәзбізге салып, тағы араластырамыз.
Тұздың дәмін көреміз. Соя тұздығының тұзы көп болған соң, мен аздап қана тұздаймын. Бір шәй қасықтай мөлшерде тұз салам да, салатты бір сағатқа тоңазытқышқа саламын.
Дәмі сатып алынған салаттан артық болмаса, кем емес, қыздар))))
Жасап көріңіздер.
Айтпақшы, фунчозаның кереметі сол, дайын фунчоза кеспесіне ет турап, түріп, саңырауқұлақ, консервіленген жүгері дәндерін қосып, тағы бір салат әзірлеп жіберуге болады.
З.Ы. Бір бума фунчозаның іщінде 4 бөлікке бөлінген шағын бумалар болады. Соның екеуі бір салатқа жетеді. Менде екі келідей салат шықты)))))))))))