Арнайы массагет үшін: Ашытқысыз қамырдан жасалған бәліш

Арнайы массагет үшін: Ашытқысыз қамырдан жасалған бәліш
жеке
блог

Сонда да мына бәліштің рецептімен бөліскім келеді.

АЛЛА деп бастайық)))

Басынан айтып кетейін, отбасы үлкен, көп мөлшерде дайындалған соң 40-тан аса бәліш шықты))))

Қамыр:

Бір келі ұнды тұзды суға илеп, өсімдік майын қосуды ұмытпаймыз. Дайын қамырды үш зуалаға бөліп, бір сағаттай қамыр жайлы "ұмытып" қаламыз))

Салма:

Жарты келі тартылған ет, картоп, пияз, тұз, қара бұрыш.

Табаға өсімдік майын құйып, қыздырамыз да, картопты жұқа тіліктерге бөліп, қуырамыз. Бес минуттай қуырып, үстіне жарты кесе су құйып, отты бәсеңдетіп, қақпағын жауып қоямыз. Бөтен табада тартылған ет пен пиязды қуырамыз. Картоп дайын болғанда үстіне етті салып, жақсы етіп араластырып, суығанша күтеміз. Суыған соң бәрін езіп, пюре етіп тастаймыз. Қосымша, салмаға аскөк, дәмдеуіштерді салуға болады. Біздікілер жақтырмайды)))

Сосын, суреттегідей, қамырды жаймаға жайғандай етіп оқтаумен жайып, 10*10 см болатындай төртбұрыштап кесеміз. Салманы салып, шетін түріп (жабыстырып), қызып тұрған майға қуырып аламыз.

Негізі, аса қиын емес,бірақ қамыр илеп, жалпы ас бөлмеге жиі кіріп жүретіндер қыздарға арналған мәзір))))

 

Айтпақшы, қамырға өсімдік майын қосса, қамыр сәл қатпарлы, қытырлақ болады. Ал қызарып қуырылуы үшін қамырға қант қосуды ұмытпау керек.

Дайын бәліштерді суық айранмен жеуге кеңес берем)))) Керемет контраст!

З.Ы. Картоп пен еттің үйлесімділігі керемет, себебі таза етқе қарағанда мына салма нәзік, жұмсақ, балалар тіпті жақсыыыы көреді. Түрін әдемілейін деушілер, бәліш жиегін хворост кесетін иірімді пышақты қолданса болады)))