Арнау

Мен барғанда қуанушең балаша,
Сен бар кезде бәрі болған тамаша.
Кеше бардым ауылыңа асығып
Ақ Мейірімім келдің бе?-деп қуанбадың неге ата.

Кете бардың қарайлаумен біздерге
Қимай тұрдық сізді ата біздерде.
Қуантып ата біздерді 
Келсең деп ем жүздерге.

Бір тоқсанда сағынып сені барамын, 
Он күнде мауқымды басып аламын.
Жоқсың енді мәңгілікке аташым
Өзіңді мен қайдан іздеп табамын.

Сағынып жүрмін өзіңді аташым,
Беретін маған ылғи да ақ батасын. 
Жұмақтан орын алып ататайым
Мәңгілікке ұйқыда енді жатасың.

Ақылыңды есте сақтаймын,
Өзіңді ойлап кейде кірпік қақпаймын. 
Жан атам мен өзіңді
Әруақыт сағынамын,ұмытпаймын.

Қатты сағындым'-'*-*#,#



Бөлісу: