Армысыздар, массагеттіктер!

Бұл сайтқа жазда тіркелгенмін. Тіпті, бір-екі жазба жарияладым да. Ешкім оқып, пікір жаза қоймаған соң ба, екі-үш күндей "Массагеттің" есігінен бас сұғып жүрдім де, қайтадан ат ізін салмай кеттім. Басқа желілердегі кейбір таныстарым "Массагетке барсайшы, қызықтың бәрі сонда ғой" дегеннен соң, осындай сайттың бар екені есіме түсті. Содан қайта айналып келген бетім осы. Мұнда ешқандай достарым да жоқ, маған осы сайтқа келу жайлы ақыл берген достарым да көрінбейді...

Жалпы, бұл жер ғана емес, кез-келген желі тек түсінген адамға ғана қызық. Кім біледі, мен де түсінбеген болармын. Сосын, бұл жердегілердің көбісі 25-ке дейінгі жастар екен. Өзім секілді қырықтың қырқасын алқымдап қалған ешкімді байқай қоймадым. Әр нәрсе өз қатарластарыңмен қызық қой. Мұның да сайтқа сіңісіп-сіңіспеуге тигізетін әсері әжептеуір.

Мұнда да бір қауым ел бар ғой. Ең бастысы-функцияларының бәрі тек қазақшадан тұратын қазақы сайт. Сонысы қуантады.  

Жаңа жылдарыңызбен баршаңызды да құттықтаймын!



Бөлісу: