Армысыздар

Армысыздар
жеке
блог

Анашым  сізді сағындым!

 

Ғаламда мынау жабығып,

Қайғымен толы жаным мұң!

Жалғыздық тұмар тағынып,

Анашым сізді сағындым!

 

Батып барад сағыныштың,

Сәлемін жолдап тағы күн.

Күндер мынау арпалыстың,

Анашым сізді сағындым!

 

Қанат қағып қияларға,

Құсын іздедім бағымның.

Ұлын күтер ұяда ана,

Анашым сізді сағындым!

 

Оралар ұлың жаныңа,

Шыңдарын алып өмірдің.

Сыр айтам атар таңыма,

Анашым сізді сағындым!

 

Жәннәтім менің астында,

Анашым басқан ізіңнің.

Жұлдызым жанған аспанда,

Анашым сізді сағындым!

 

Күндерім зырғып тоқтаусыз,

Сағыныш тұмар тағындым.

Сарғайған жүрек жақта күз,

Анашым сізді сағындым!